Ел Біріншілігінен бес медаль!
18 Июня 2019 (09:15) | 2297
|
Автор: Нурганым Имашева
Ақтөбе қаласында кіші жасөспірімдер арасында самбо күресінен ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.Үш күнге созылған бәсекеде Маңғыстау самбошылары - "Жас батырларымыз" аймақтың мерейін бір көтеріп тастады. Жарыс қорытындысы бойынша маңғыстаулықтар 5 медаль: 2 алтын, 2 күміс және 1 қоланы иеленді.

Олар:
41 кг салмақта Өтепберген Жұлдыз – қола жүлдегер;
44 кг салмақта Кеңесбек Мерейлім – алтын медаль иесі;
55 кг салмақта Жұбатқан Нұрсұлтан – күміс жүлде;
60 кг салмақта Сайлаубаев Айбек – алтыннан алқа тақса;
84 кг салмақта Бақтыбай Бейбарыс – күміс жүлдегер атанды.

-Жас батырларымызға алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында да, қанжығаларың олжалы болсын деп, Маңғыстау облыстық самбо федерациясының, Маңғыстау облыстық "Жас батыр" мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!- дейді аталмыш спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

Суреттер "Жас батыр" спорт мектебінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz







