Жаңаөзенде жезөкшелер ордасы анықталды
15 Июня 2017 (18:30) | 3083 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзендік тәртіп сақшылары моншадан жезөкшелер ордасын тапты. Жеңіл жүрісті қыздарды 30 жастағы монша әкімшісі қанатының астына алған. Моншаға келгендерге түнгі көбелектердің қызметін ұсынған. Полицияның араласуымен қылмыс ордасы жабылды, әкімші әйел ұсталды. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.
«Астана» шағын ауданында орналасқан Рахат қонақ үйінің біржағында монша бар. Мұнда келушілерге жезөкшелер тәнін саудалап, ақша табады. Солардың қатарында, отыз жастағы Гулия есімді мына келіншек. Лақап атпен жүріп жеңіл жүрісті жанына серік етуді, кәсібім деп санайды. Тараз қаласынан келгеніне бір жыл болыпты. Бір баланың анасы істегеніме өкінемін дейді.
Жаңаөзен қаласы аумағында полейцейлердің ұйымдасытрыуымен «Стоп трафик» атты рейд шарасы өтіп жатыр. Мұндағы мақсат, тәнін саудалап, жеңіл жүрістегілге тосқауыл болу. Тексеру барысында, монша ішінен әр аймақтан топтасқан бірнеше қыз анықталды. Олардың барлығы да,басқармаға жеткізіліп, жеке бастары анықталды.
Нұрбек Бақытжанов, Жаңаөзен қалалық ІІБ КПБ жедел уәкілі:
-«Рахат» қонақ үйінің саунасында жезөкшелік жолмен табыс тауып жүрген Тараз қаласынан келген азаматшалар анықталды. Сауна әкімгеріне ҚР ӘҚБК-450 бабы бойынша әкімшілік ауапкершілікке тартылады.
Рейд шарасы кезінде ҚІІБ барлығы онға жуық жеңіл жүрісті қыздар әкелінді. Келушілерге қыздарды ақшаға сатқан монша әкімшісі де жазаға тартылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему