Мұнайлы ауданындағы ХҚКО іске қосылды
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 10:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданындағы ХҚКО іске қосылды

14 Мая 2020 (13:19) | 2001 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 14-мамырдан бастап Мұнайлы ауданындағы  ХҚКО іске қосылады.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға "Азаматтарға арналған үкімет"  мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ" Маңғыстау облысы бойынша филиалы хабарлады.

 

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлыға қарасты елдімекендердегі мектептер мен әкімдіктерде мемлекеттік қызметті онлайн алу үшін " Өзіне-өзі" қызмет көрсету секторлары төмендегі мекен-жайлар бойынша іске қосылды:

 

№1 орта мектеп - Маңғыстау селосы 18-квартал, 5-ғимарат

 

№2 орта мектеп - Қызылтөбе селосы, Желтоқсан 30

 

№3 орта мектеп - Баянды-3 селосы

 

№4 орта мектеп - Жаңа Дәулет селосы, 159/1

 

№5 орта мектеп - Маңғыстау селосы, Есмамбет 33а

 

№6 орта мектеп - Қызылтөбе-2 селосы

 

№7 орта мектеп- Атамекен ауылы, Қаламқас тұрғын үй массиві

 

№8 орта мектеп - Маңғыстау-5 тұрғын үй массиві 448/1

 

№9 орта мектеп - Басқұдық ауылы,Арай тұрғын үй массиві

 

№10 орта мектеп - Батыр ауылы, Емір шағын ауданы 10-көше, 4-ғимарат

 

№11 орта мектеп - Маңғыстау-4 тұрғын үй массиві

 

№12 орта мектеп - Атамекен ауылы, Жалын тұрғын үй массиві, 495/1

 

№13 орта мектеп-гимназиясы - Қызылтөбе ауылы, 9-квартал, 26/6

 

№14 орта мектеп- Басқұдық ауылы, Промзона 9, 39/1

 

Көрсетілген мекен-жай бойынша әр тұрғын өзіне қажетті қызметтерді алуға толық мүмкіндіктері бар. Egov.kz электронды парталында қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 80 %-дан астамы қолжетімді.

 

 

Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚКО операторлары кеңес береді.

 

Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері маңғыстаулықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде он үш мыңнан астам мемлекеттік қызметті алған.

 

Мұнайлы ауданындағы ХҚКО бұрынғы режим бойынша тұрғындарды кезекпен қабылдайды.

 

КАРАНТИНДІК РЕЖИМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ХҚКО БАРҒАНДА БЕТПЕРДЕ (МАСКА) МЕН ҚОЛҒАП БОЛУЫ ШАРТ.

 

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ БІРІНШІ ОРЫНДА. КЕЗЕК КҮТКЕНДЕ АРАЛЫҚТЫ САҚТАУ МІНДЕТТІ.

 

Жұмыс уақыты: 09.00-17.00 үзіліссіз

 

Сенбі күні: 09.00-14.00 үзіліссіз

 

Жексенбі: демалыс

Сурет inalmaty.kz, baigenews.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему