Ақтау қаласының көшелерінде өрт сөндірушілер мен  көлік инспекторларының бірлескен рейді ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 01:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының көшелерінде өрт сөндірушілер мен көлік инспекторларының бірлескен рейді ұйымдастырылды

3 Июня 2017 (11:39) | 1840 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мамандары жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен, жарқылдауық маягы мен дыбыстық сигналдары бар арнайы техникалардың қозғалысына басымдылық беруі үшін қолданылатын жол қозғалысы ережелерін жоққа шығаратын жүргізушілерді анықтау бойынша бірлескен рейд жүргізді.

 

 

-Мұндай профилактикалық рейдтер Маңғыстау облысында жиі болып тұрады. Олар нәтижелі: қалада жол бермейтін жүргізушілер саны азаюда, өрт сөндіру автокөліктері, «жедел жәрдем» көліктерінің дабылдары мен арнайы жарықтық сигналдары қосулы болғанына қарағанда – демек, олар біреудің өмірін құтқаруға асық екендігін түсінушілер саны көбеюде.

 

 

Мүмкін, біреу емес шығар. Өрт сөндіру есебінің уақытылы келуі өртпен айқас кезінде шешуші рөл атқарады. Бұл қарсы тайталасудың қорытындысы - өрт сөндірушілердің міндетті жеңісі, алайда тәртіпсіз жүргізушілердің салдарынан бұл жеңісті көру оңай болмағаны.

 

 

Байланыс диспетчерлеріне өрт туралы хабар түскен сәттен бастап, Ақтаудың өрт сөндіру қарауылына оқиға орнына жету үшін орташа төрт минуттан он бес минутқа дейін уақыт қажет етіледі. Әрбір секунд қымбат, баға жетпес... Мүмкін бұл көліктер сізге, сіздің көршіңізге асығыс шығар? Жол қозғалысы ережелерінің және моральды-этикалық принциптердің сақталуына тәртіпсіз жүргізушілерді басқаша қалай көндіру қажет?

 

 

Осы сапар «Көмек жолы» операциясы бір сағаттан астам уақытқа созылды. Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жарқылдауық дыбыстық сигналдары іске қосылған автокөліктері Ақтау қаласының көшелерімен қойылған бағыт бойынша интенсивті қозғалыспен жүріп өтті. Өрт сөндірушілер соңынан жергілікті полиция қызметінің экипажы жөнелтілді. Жүргізушілерге қолайсыздық жағдай айтарлықтай тудырмады, дегенмен арнайы техникаларға жол бермеген бұзушылар анықталды.

 

 

Маягы мен сигналы қосылған өрт сөндіру көлігін көрген кез-келген жүргізуші оларға жол беруге міндетті, себебі өрт сөндірушілер дәл сол жүргізушілердің туысқандарына, жақындарына, достарына асық болуы мүмкін,-дейді осы хабарламаны жолдаған Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему