Белгілі ұстаз Ордалы Қосайдың кітабы жарық көрді
Курс валют в Актау
на 08/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
8 Мая, 17:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Белгілі ұстаз Ордалы Қосайдың кітабы жарық көрді

19 Июня 2017 (10:19) | 2133 | Автор: Мира Ботабекова

Баланың оқуға ықыласын тек махаббатпен ашуға болады. Осындай ұстанымның иесі Ордалы Қосайдың кітабы жарық көрді. "Кешені көрсін бүгінгі" шығармасы - педагогикалық шеберлік пен тәрбие беру ісінің қөыр-сыры жан-жақты баяндалған. Сондай-ақ, педагогтың соңғы 25 жылда жинаған зерттеулері, газет беттеріне шыққан мақалалары жинақталған. Маңғыстаудың тарихы, географиялық орналасуы көрініс тапқан. Кітаптың басты ерекшелігі Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласымен үндесуі.

 

 

"Кешені көрсін бүгінгі" - екі жыл бұрын жарық көрген. Аз ғана данамен шығып, санаулы адамға сыйға тартылған.  Мазмұнды, мағыналы шығарманың тасада қалмай, көпшілікке жол тартты. Туындының халыққа берері мол.

 

Нұргүл Еңсегенова, МО әмбебап кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі:

 

-Кітаптың өзі Елбасымыздың соңғы халыққа жолдаған тапсырмасындағы бұл  "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" деген мақаласына осы кітаптың ішіндегі тараулардың барлығы үндесіп тұр.

 

"Білім - ертең шығар күнім". Ордалы Қосай  өз туындысының басты бөлімін білім саласына арнаған. Ағарту ісі, бала тәрбиесі, оқудағы инновация кітапта қамтылған. Автор ең алдымен  балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру керек дейді.

 

Ордалы Қосай, ардагер ұстаз:

 

-Бізге қазір сананың дағдарысынан арылу керек бір мақсат сол. Сондықтан осыған себі тисін деп , халыққа, аймаққа, ұлтқа көмегі тиер болса сол менің көздеген мақсатым.

 

Танымдық кеш тек пікір алмасумен шектелмей, қатысушылар жыр-термелер тыңдап, рухани азықпен  сусындады. Ордалы Қосайдың әріптестері, замандастары мен қаламдастары  жылы лебіздерін білдіріп, ой бөлісті. Жаһандану заманында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне мән беретін туындылар қашанда қажет деп санайды жиналғандар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему