Каспий теңізі жағалауында еріктілердің қатысуымен  демалушылар арасында сақтандыру шарасы ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 19/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
19 Марта, 14:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Каспий теңізі жағалауында еріктілердің қатысуымен демалушылар арасында сақтандыру шарасы ұйымдастырылды

20 Августа 2019 (11:42) | 3004 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ қызметкерлері және «Жас Отан» жастар орталығының еріктілері Каспий теңізінің жағалауында демалып жатырған тұрғындар мен өңір қонақтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

-Іс-шараның мақсаты –шомылу маусымындағы су қоймаларында адам өлімінің алдын алу.

 

Рейд барысында демалушылармен су айдыны нысандарында қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша түсіндіру, әңгімелесу жүргізілді. Азаматтарға суда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі еске салынып, су айдыны аумағында балаларды қараусыз қалдырмау туралы кеңес берілді.

 

 

Рейд барысында департаменттің 11 қызметкері жұмылдырылды.

 

Осындай профилактиқалық іс - шаралар суға шомылу маусымы кезеңінде тұрақты түрде өткізілетін болады,- деп мәлімдейді біздің басылымға аталмыш шара туралы хабарлаған Маңғыстау облысы ТЖ Департаментіне қарасты Ақтау қаласының ТЖ Басқармасының азаматтық қорғаныс тобының офицері лейтенант Азамат Тулеганов.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар депаратменті ескертеді: «Құрметті Маңғыстау облысының қонақтары мен тұрғындары! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер! Сақ болыңыздар!

 

1) мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

 

2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

 

3) тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

 

4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

 

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

 

7) жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

 

8) жалған дабыл беріп айғайлауға;

 

9) техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;

 

10) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему