Маңғыстау тұрғындарын қоныс аудару бағдарламасына қатысуға шақырамыз
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 01:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау тұрғындарын қоныс аудару бағдарламасына қатысуға шақырамыз

23 Июля 2021 (15:01) | 3176 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары әсет шопанов: біз маңғыстаулықтарды «еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ерікті түрде қоныс аударып, 6 бағыттағы көмекке ие болуға шақырамыз 

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсет Шопанов  мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында жүзеге асырылған.

«Бүгінгі күні Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары шығу өңірлері болып айқындалды. Қабылдау өңірлері Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болып табылады. Бұл бағдарлама іске асырылғалы Маңғыстау облысынан барлығы құрамында 367 адамы бар 107 отбасы солтүстік өңірлерге көшірілді», - деді Әсет Шопанов.

Баспасөз конференциясына Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева да қатысты. Ол өңіраралық қоныс аударуда мемлекет тарапынан 6 бағытта көрсетілетін көмекке тоқталып өтті.

«Ерікті түрде көшкен азаматтарға көшуге материалдық көмек, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалдамалы тұрғын үй беру, қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беру, техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу, жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу сияқты қолдау көрсетіледі», - деді Меруерт Есембаева.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему