Маңғыстау облысының прокуратурасы 321 жазасын өтеушіні жұмыспен қамтыды
24 Июля 2017 (16:35) | 1746 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы жағымды жаңалықпен Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бөлісті.
Облыс прокуратурасы «Колонияларда жұмыспен қамтылуы - 2017» жобасын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 2017 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысымен облыс аумағында орналасқан түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің 79% жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда, бұл жобаны жүзеге асыру шеңберінде облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен бірігіп, облыстық консультативтік-кеңесші органының және облыстық кәсіпкерлер палатасының мүмкіндіктерін пайдаланып, облыс аумағында орналасқан қауіпсіздігі барынша жоғары ГМ-172/6 мекемесінің аумағынан өндірістік цехтар ашуға жергілікті кәсіпкерлерді тартып, қол ақысы арзан жазасын өтеушілерді жұмысқа қабылдау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тек қана 2017 жылдың 6 айында облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне бағынышты ГМ-172/6 мекемесінің ішінен өндірістік цех ашуға жеке кәсіпкер «Адилжан» және «Есмурзаев» ниет білдіріп, нәтижесінде үш жақты меморандум жасақталды.
Сонымен қатар, 2 жазасын өтеуші өздерінің ісін ашып, жеке кәсіпкерлік қызметті бастап кетті.
2016 жылдың 31 наурызында аталған жобаға байланысты Маңғыстау облыстық прокуратурасының ғимаратында кіші форум өтті.
Форумның отырысына облыс аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, сол сияқты жергілікті атқарушы органдары, қоғамдық емес ұйымдарының басшылары және бизнес қауымдастықтары шақырылды.
Форумға қатысушылар прокуратураның ғимаратында ұйымдастырылған көрмеде колонияларда өндірілген тұрмыстық бұйымдармен жақынырақ танысты.
08.07.2016ж. Маңғыстау облыстық әкімшілігінің консультативтік кеңесші органының отырысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру және түзеу мекемелерінде өндірілген дайын тауарларды сату жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, 28.09.2016ж. облыстық прокуратурада Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы әкімдерінің орынбасарларын, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығын және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Осы кездесуде, «Еңбек-Ақтау» РМК-ның Ақтау филиалы және «Авангард Групп Констракшн» ЖШС-де еңбек етіп жүрген сотталғандармен өндіріс аумағында өндіріліп жатқан тауарлар слайд арқылы көрсетіліп, қала және аудан қажеттіліктері үшін мемлекеттік тапсырыстарды орындауға мүмкіндіктері бар екені көрсетілді.
Аталған отырыста түзеу мекемелерінде өндірілген дайын өнімдерді өткізу мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.
Сотталғандарды жұмыспен қамту сұрақтары өзекті мәселе болғандықтан, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы әрдайым БАҚ-та материалдар жарияланып отырды. Яғни, қызығушылық танытатын кәсіпкерлерге, өндірістік цехтар салу үшін жер телімдері тегін берілетіні, шығарылған өнімдер мен цехтарды күзетуге күзетші алып шығынданбайтыны, ең бастысы, қол ақылары арзан жұмысшыларды жұмысқа қабылдап, нәтижесінде бизнестің басты қағидасы мол табысқа қол жеткізетіні түсіндіріліп отырды.
Онымен қоса, жергілікті атқарушы органдарға колонияларда өндірілген дайын өнімдерді тапсырыс арқылы сатып алу жөнінде хаттар жолданып, нәтижесінде Ақтау қаласы және Мұнайлы аудандық әкімдіктері «Еңбек-Ақтау» филиалы өндірген 100-ден астам қоқыс жәшіктерін, «Б.А.А.» жеке кәсіпкері өндірген 5000м2 брусчатка тастарын сатып алды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде еңбекке қабілетті 408 сотталғанның 321 немесе 79%-ы жұмыспен қамтылып отыр.
Сөйтіп, ҚР Бас Прокуратурасының «Колонияларда жұмыспен қамтылуы - 2017» жобасымен қойылған индикаторға Маңғыстау облысының прокуратурасы табысты қол жеткізді.
Сотталғандарды еңбекке баулумен қатар, оларды бостандықта жұмысқа орналасу үшін қоғамда сұранысқа ие жаңа мамандықтарға оқыту шаралары да жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың оқу маусымы 1 қыркүйектен басталмақ. Ол үшін ГМ-172/6 мекемесінің қабырғасында орналасқан кәсіпқой техникалық колледжде наубайшы, тігінші, электрик, слесарь мамандықтарына оқыту көзделіп отыр.
Жалпы, атқарылып отырған жұмыстар болашақта жазасын өтеуші тұлғалар бостандыққа маман болып шығып, жұмысқа орналасып, қайтадан қылмысқа барудан аулақ жүріп, қоғамға сіңісіп кетуіне өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі өз жалғасын табуда.
Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему