Ұлттық қауіпсіздік органдары күніне арналған футбол турнирі
17 Июля 2021 (10:48) | 1365 | Автор: Редакция
Мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары күніне орай ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті шағын футболдан турнир өткізді.
Турнирге ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерінен тұратын 8 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1-орын «А» арнайы мақсаттығы қызметінің командасы, 2-орын Ақтау гарнизоны бойынша әскери полиция басқармасының командасы, 3-орын Маңғыстау облысы бойынша ҚР ҰҚК ШҚ Департаментінің командасы.
Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал өз ойынымен ерекшеленген футболшылар грамоталармен марапатталды.
ҰҚК баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему