Локдаун режимінде бизнеске көмек
21 Июля 2020 (13:24) | 1762 | Автор: Редакция
Достар, есіңізде болса, бір ай бұрын мен Экспорт мектебіміздің сабақтарын онлайн өткізетінімізді айтқан болатынмын.
Бірінші сабағымыз өте жақсы өтті, сондықтан 29 шілдеде болатын келесі сабағымызды Aliexpress Russia, Clevi Links, TechnoDom, iLab, Kazpost және 1C-Bitrix Kazakhstan әріптестеріміздің қатысуымен вебинар түрінде өткізуді ұйғардық.
Вебинар тақырыбы: «E-commerce: сауданың цифрлық дәуірі».
Карантин барлығын интернетке қосылуға мәжбүр етті, мегаполистердің тұрғындары интернетте сауда жасайтын болды. Алайда, көптеген кәсіпкерлер электрондық коммерция технологияларымен әлі де таныс емес және олардың әлеуетін білмейді. Бұл туралы айтудың уақыты келді.
Біздің спикерлер интернет-дүкен құрудың бірегей тәжірибесімен бөліседі, дағдарыс кезінде «онлайн» режиміне көшу жолдарын көрсетеді. Дүкеніңізді тез арада іске қосуды, клиенттерді сақтап қалуды және сатылымды көбейтуді үйренесіз.
Бизнесіңізді алға жылжыту сіздің болашақты ойлауға және өсіп дамуға қаншалықты дайын екеніңізге байланысты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему