Түпқарағандық бүлдіршіндер өздері еккен өнімдерді ала бастады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағандық бүлдіршіндер өздері еккен өнімдерді ала бастады

19 Июня 2021 (12:52) | 1750 | Автор: Редакция

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында «Ақбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері бөбекжайдағы жылыжайда өз қолдарымен отырғызған жемістердің алғашқы өнімдерін ала бастады. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Балалардың ас мәзірі үшін жемістерді сырттан келетін өнімдерден алмай Ақшұқыр ауылындағы жылыжайдан сатып алатынбыз. Осы уақытқа дейін жергілікті жылыжай өнімдерін балалар үшін қолданып келдік. Кейін өзіміз қолға алып көрейік деген ой келді. Балабақша жанындағы 48 шаршы метрді құрайтын бос жерді осы мақсатта дайындап бастадық. Былтыр карантинге байланысты жұмысымыз тоқтағанымен, биыл сәуір айында басталған істі аяқтап, міне алғаш өнімдерін ала бастадық. Балабақша бүлдіршіндері өздерінің алғашқы өнімдерін алып, дәм татуда», - деді балабақша басшысы Гүлжихан Нұрдәулетова.

Айта кетейік, бүгінде жылыжайдағы өнімдер құдықтың жерасты тұщы суымен суарылады. Онда 120 түп қияр мен 37 түп қызанақ отырғызылған.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему