Менің дара жолым
Курс валют в Актау
на 22/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Декабря, 17:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Менің дара жолым

7 Марта 2020 (12:10) | 3369 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы №20 мектепте перзенті оқитын ата-ана Қаржаубаева Пернегүл біздің басылымға жолдаған хатында мынадай ақжолтай жаңалықпен бөліскен екен. Автордың хатын ешбір өзгеріссіз оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік.

 

 

Ақтау қаласындағы №20 М.Әуезов атындағы мектепте білім ордасының 30 жылдығы аясында, білім саласының қызығы мен қиындығына төселіп еңбек еткен, ерекше тұлға иелерінің еңбектерін кейінгі жастарға дәріптеу мақсатында "Менің дара жолым" тақырыбында ардагер-ұстаздармен кездесу өтті.

 

Әр шәкірттің жүрегінен орын таба білген, өз еңбектерімен танылған қазір зейнеткерлік демалыста отырған 12 ардагер-ұстаздар шақырылған.

 

Мектептің бастауыштар оқитын блогы мерекедегідей безендірілген. Музыка әуенімен екінші қабаттағы акт залына қалай көтерілгенімізді де аңғармай қалдық. Кездесуге келген ардагерлер де өзара әңгімелесіп, қуанышпен, сағынышпен басқосуда. Бастауыш сынып ұстаздары бірдей түсті киім үлгісімен киінген. Бейне бір "Егіздер байқауына" келгендей болдым.

 

Шараға зейнеткерлікке шыққанға дейін мектептің бастауыш сынып директоры қызметін атқарған Раиса Александрқызы Верятинская, ұйымшыл сыныптар тәрбиелейтін майталман маман Айша Нұрманова, мейірім шуағын шашатын ұлағатты ұстаз Бақытжан Шамбилова, математиктерді дайындаған дарынды ұстаз Ақілгек Кемалова, белсенді сыныптарды жетелеген ұстаз Жамал Өтетілеуовалар қатысты.

 

Сондай-ақ, шәкірттер жүрегінен орын алған, еңбектен қол үзбеген зейнеткер ұстаздар да кеш төрінен орын алды.

 

Шара шымылдығы ұстаз Қамажай Нұрланованың орындауындағы әсем әнмен ашылды. Кездесуге келген әрбір ардагер ұстаздың ұжымға салып кеткен дара жолы бар. Әрбір ұстаздың өзіндік ерекше орны бар.

 

Кездесуде ардагер ұстаз Раиса Александрқызы өзінің мектеп ұжымын басқарудағы шеберлігі мен біліктілігін сөз етсе, Айша Нұрманова алғашқы еңбек жолында кездескен қиыншылықтарды, әріптестерімен, ата-аналарымен байланысы туралы естеліктерден сыр шертті. Бақытжан Шамбилова өзінің оқушыларға қатаң талап қоятындығын, әдістемелік шеберлігін айта келіп, өзі жетекшілік ететін сыныптан жыл сайын 4-5 оқушының гимназия сыныбына қабылданатындығын мақтан етті.

 

Ақілгек Кемалова осы мектептің алғашқы бастауыш сынып мұғалімі болғандығын әңгімелеп, математикаға ерекше мән бергендігін сөзге арқау етсе, Жамал Өтетілеуова басшы қатаңдығының ұстаздарды шыңдайтындығын, жетістікке жету жолындағы еңбектерін жас мамандарға үлгі-өнеге ете келіп, мектеп ұжымына алғыс айтты, шығармашылық табыс тіледі.

 

Мектептің бастауыш сынып ұжымы әріптестер арасынан өмірден өткен ұстаздарды бір сәт еске алды.

 

Ұстаздар ардагерлерге әзіл-арнау әндерін жолдады. Еңбектен қол үзбеген зейнеткер ұстаздар Ақерке Иманбаева, Гүлнар Бозтаева, Айғаным Құлманова, Сәнімхан Келджанова, Қалампыр Құлтумаева, Гүлбаршын Жұбаназарова, Гүлбадан Садуақасова, Мәншүк Жұпарғалиева, Гүлсара Еспанова, Ақкүміс Баужановалар өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

 

Қимай жүрміз мектепті,

Үлгі болып жастарға.

Зейнетке кет десе де,

Қалай қиям мектепті,-

деп шырқады ардагер ұстаздар.

Сондай-ақ жас мамандар да мектеп өмірінен сахналық көрініс көрсетті.

 

Шара соңында сөз алған мектеп директорының орынбасары Орынкүл Салтанатова:

 

-Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымыз ерекше,- дей келіп,

 

-Әрбір ұстаз бір-бір кітап, әрбіріңіздің еңбек жолдарыңыз бізге үлгі-өнеге,-деді. Әріптестеріне алғыс білдірді.

 

Мектеп директоры Зарухан Мамутова ардагерлерді және еңбектен қол үзбеген зейнеткер ұстаздарды марапаттады.

 

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

 

Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері - ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі етеміз.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему