Маңғыстауда бір айда 2 мың келіден аса бекіре тұқымдас балық тәркіленген
17 Мая 2019 (08:56) | 1785 | Автор: Нурганым Имашева
Облыс аумағында Полиция Департаментінің Жергілікті Полиция Қызметінің Табиғатты қорғау полициясы 1 сәуір-31 мамыр аралығында «Бекіре» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізуде.
-Бір айдың ішінде ҚР ҚК-нің 339-бабына (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес 21 дерек тіркеліп, 2300 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Сондай-ақ, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан жүзу құралдары мен аспалы мотор тәркіленді. ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша, яғни балық аулау ережелерін бұзу, 87 құқық бұзушылық анықталған,-деп хабарлайды Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Суретті Полиция Департаментінің баспасөз қызметі ұсынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему