Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы болып өтті
Курс валют в Актау
на 23/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Ноября, 18:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы болып өтті

18 Июня 2021 (13:20) | 1633 | Автор: Редакция

Жуырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырысы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында болып өтті.

Күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелерімен бірнеше тәртіптік істер қаралған болатын. Атап айтар болсақ, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне қарасты мекеме басшысы лауазымына заңсыз тағайындау дерегі бойынша қозғалған тәртіптік іс қаралды.

Аумақтық департаментпен жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталғандай, персоналды басқару қызметін бақылауға жауапты лауазымды тұлғаның кінәсінен «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына бұрын сотты болған тұлғаны тағайындау дерегі орын алған болатын.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері іс-құжаттарды мұқият зерделей келе, заңдылық қағидатын сақтамағаны, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне кедергі келтіргені үшін, Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысына тәртіптік  жаза  ретінде «қатаң сөгіс» жариялау туралы жоғары тұрған басшысының атына ұсыным жолдау туралы шешім қабылдады.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес қаралған келесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысына қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына құқық қорғау органынан келіп түскен заңбұзушылықты жою туралы ұсынысқа сәйкес,  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаментімен Мемлекет басшысының 26.12.2019ж. тексерулерге және профилактикалық бақылауларға мораторий енгізу туралы жарлығының талаптары бұзылды деп танылған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделеп, бірауыздан аталған лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік жаза қолдануға негіздер болмауына байланысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, талқыланып отырған мәселе бойынша тексеруді ашуға жоғары тұрған органның тікелей бұйрығы түрткі болғандығы, мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметші жоғары тұрған басшының жазбаша өкімін орындауға міндетті екенін және мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болатындығы ескерілді.

Бұған қоса, 2020 жылы елімізде енгізілген төтенше жағдай мен одан кейінгі карантиндік шаралар кезінде дәріханаларда дәрі-дәрмектер бағаларының аяқ астынан шарықтап, осылайша халықтың үлкен наразылығын тудырып, тек мемлекеттік органдар араласқаннан кейін ғана жағдай түзелгендігін, мына орын алған жағдай сондай наразылықтарды қайталап болдырмауға бағытталғанын ескерді.  
Кеңес отырысында бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының мекеме тарапынан мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама  мен әдеп кодексі  талаптарының сақталуы туралы баяндамасы тыңдалып, кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік органға бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы орынбасарының облыстық онкологиялық диспансер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында,  Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында, фармацевтика саласында, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті қызметінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәселелері бойынша қорытынды баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік органдарға сәйкесінше ұсынымдар берілді.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему