Маңғыстауда 120 науқас ағза ауыстыру кезегінде тұр
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 07:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 120 науқас ағза ауыстыру кезегінде тұр

14 Апреля 2022 (17:28) | 3726 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы бойынша 120 науқас ағза ауыстыру кезегінде тұр. Оның ішінде басым бөлігі 110(4 бала) науқас бүйректі ауыстыруды күтуде. Ал бауырға – 2, жүрекке – 2 пациент мұқтаж. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте республикалық транспланталогия орталығының Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы хабарлады.

 

Спикердің айтуынша, 2022 жылдың 1-тоқсанында  күту кезегіндегі 2 адам(бүйрек) қайтыс болған. Жалпы, Қазақстан бойынша ықтимал реципиенттер тіркелімінде(күту кезегі) 3599 пациент тұр. Оның ішінде бүйрек трансплантациясына – 3254 (74 - бала), бауырға – 172 адам (9 - бала), жүрекке – 153 пациент (5 - бала).

 -2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында 2000-нан астам трансплантация жасалды. Оның ішінде әрбір бесінші трансплантация қайтыс болғаннан кейінгі донордан. Қазақстанда туыстық ауыстырып қондырулардың үлесі барлық трансплантациялардың 80,2%-ын құрайды. Ал Еуропа елдерінде ағзаларды қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан транспланттау басым. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 41 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысында донорлық стационар Маңғыстау облыстық ауруханасы болып табылады. 2022 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша ауруханада 29 өлім жағдайы тіркелді. Оның ішінде ықтимал донор болуы мүмкін 18-62 жас аралығындағы 11 (37,9%) жағдай, - деді республикалық транспланталогия орталығының Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы.

 2022 жылдың 1-тоқсанында елімізде 44 трансплантация жасалды. Оның ішінде тірі кезінде донордан 37 (84%) операция және қайтыс болғаннан кейін донордан 7 (16%) операция жасалды. Маңғыстау облысы бойынша 1-тоқсанда тірі кезінде донордан екі трансплантация (1 бүйрек және 1 бауыр) жасалды. Бұл ретте, Қазақстанда трансплантология дамуының барлық кезеңінде Маңғыстау облысында қайтыс болғаннан кейінгі ықтимал донорды өзектендірудің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

 Спикердің айтуынша, өңірлік деңгейде ағзалық донорлықты және трансплантацияны дамыту мақсатында мынадай шаралар қабылдау қажет. «Ағзаларды (ағзаның бөлігін) немесе тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №207/2020 бұйрығының - донорлық ұйымның бас миының біржола семуін растау жөніндегі консилиумы төрағасының транспланттаушы үйлестірушіні міндетті түрде хабардар ету бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету.

 -Донорлық ұйымды бас миының біржола семуін растау үшін қажетті тиісті медициналық жабдықпен толық жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау. Бас миының өлімін растау мәселелері бойынша мамандарды оқытуды ұйымдастыру. Жалпы бұл шараларды қабылдау өңірде, сондай-ақ жалпы ел бойынша трансплантологияны және қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытуға ықпал етеді, - деді Индира Аманқосқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему