Ерікті жастар тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған жандарға көмек көрсетті
14 Апреля 2018 (15:24) | 3010 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Еріктілер корпусының» еріктілері «Жүрегі толы мейірім» жобасы аясында Ақтау қаласындағы тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған жандарға арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында ерікті жастар көмекке мұқтаж жандарға айран мен бөлке үлестірді.
«Жүрегі толы мейірім» жобасының үйлестірушісі, ерікті жас Асылқайыр Айтибекұлы:
-Біз, «Еріктілер корпусының» еріктілері, 6 ай көлемінде «Жүрегі толы мейрім» жобасын жүзеге асырып келеміз.
Бүгін біз үшін маңызы зор жобамыздың кезекті шарасы өтті. Аталмыш қайырымдылық шарасының барысында күнделікті көшеде жүргенімізде көп көретін, тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған азаматтарға ерікті жастар тарапынан көмек көрсеттік.
Олардың тосын сыйымызға таңырқай қарауын, айтқан жылы лебіздерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз бұл жоба арқылы қоғамдағы әртүрлі санаттағы жандарға, өмірде түрлі себептермен қиындыққа душар болған кез-келген азаматтарға көмектескіміз келеді,-деген пікірімен бөлісті.
Суреттерді ұсынған «Еріктілер корпусы»
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему