ҚР МҚІА-мен жүргізілген тексерулер нәтижесінде 90% жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР МҚІА-мен жүргізілген тексерулер нәтижесінде 90% жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

19 Мая 2021 (12:22) | 1531 | Автор: Редакция

Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты 184 өтініш келіп түсті.

Осының негізінде Агенттік және аумақтық бөлімшелерімен 101 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде  40 өтініш иелерінің келтірген фактілері дәлелін тапты.

Азаматтардың шағымдары бойынша тексеру қорытындысымен мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің 48 қызметкерлері түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды. 

Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер негізінде 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментіне Қордай ауданының тұрғыны Б. Кишкенебаев  Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен  «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар) жаңадан салуға рұқсат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуден негізссіз бас тартуы бойынша шағымданды.


Б.Кишкенебаевтың шағымының негізінде Департамент тарапынан Бөлімде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша өтініште көрсетілген фактілер расталды.

Анықталған заң бұзушылықтар негізінде Бөлімнің басшысы Е.Мендекеев ҚР ӘҚБтК 465 бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 15 АЕК (қысқартылған негізде) көлемінде айыппұл салынды. Нәтижесінде, Б.Кишкенебаевқа 2021 жылғы 19 наурызда қызмет көрсетудің оң нәтижесі берілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему