Ақтаулық жігіттерді үздіктер қатарына қосуға тырысамын
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 02:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жігіттерді үздіктер қатарына қосуға тырысамын

24 Ноября 2016 (11:08) | 1606 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Каспий» кәсіптік баскетбол клубының екінші жаттықтырушысы - Евгений Исаковпен сұхбат

- Қай өңірдің тумасысыз? Қашаннан бері баскетбол ойнайсыз?

- Мен Өскемен қаласында дүниеге келдім. 8 жасымнан баскетбол ойнап бастадым. Сол уақыттан бері бұлспортты тастаған емеспін.

- Екінші бапкер ретінде «Каспийге» келуіңіздің себебін түсіндіре кетсеңіз?

- Екі негізгі себеп бар. Біріншіден мені сұлу Ақтау баурап алды. Қала маған қатты ұнады. Екіншіден әрқашан Самсонмен бір командада жұмыс жасағым келді. Оның үстіне мен баскетболды ширек ғасырдан бері серік етіп келе жатқандықтан өмірімді баскетболсыз елестете алмаймын. Осы уақыт ішінде мен осы спорт түрі туралы көп нәрсе білдім. Енді осыған дейін жиған тәжірибемді болашақ ұрпаққа үйреткім, бөліскім келеді.

- Сіздің әрі қарай да Ақтауда қалып жұмыс істеуіңізге отбасыңыз қалай қарады?

 - Ойдағыдай. Ендігі ойым отбасымды осында көшіріп алсам деймін. Ақ маржан қаланың оларға да ұнайтынына сенімдімін.

- Бұрын сіз ойыншы ретінде «Каспий» атынан шықтыңыз. Сол кездерден қандай естеліктер қалды?

- Ол кезде, ең алдымен, сүйіспеншілікке толы және баскетболға берілген адал жанкүйерлересімде.Жалпы Нияз Исаковпенбірге жұмыс істегенде, тек жағымды естеліктер есімде қалған екен. Біз екеуміз «Каспийге» дейін де бір-бірімізді жақсы танитынбыз.

 - Сіз, Манғыстау клубында ұзақ уақыт бапкер болған, Олег Киселевпен «Барсы» клубында бірге жұмыс істедіңіз...

- Иә, ол негізгі топты басқарды, ал мен «Барсы-2»-де жастармен жұмыс істедім. Бірақ біз Олег екеуміз жиі кездесетінбіз. Мен оны Қазақстанның үздік бапкерлерінің бірі деп санаймын.

- Ал, Михаил Карпенкомен жұмыс жасаған қалай екен?

- Михаилмен бірге жұмыс жасаған бір ғанибет. Біз, бір-бірімізді жақсы түсінеміз және көптеген нәрселерге бірдей көзқараспен қараймыз.

- Сіз ойыншы болған кезіңізде, атақты баскетболшылардан қай ойыншы ұнайтын?

- Мен жас кезімде Майкл Джорданның жанкүйері болдым. Қазір мен кім ұнайды немесе кім ұнамайды, деген сауал туралы ойламаймын. Сондай-ақ мен басқа клубтар мен жаттықтырушыларға да қарым-қатынасым да сондай.

- Бұл маусымда Маңғыстау клубында біраз өзгеріс бола ма?

- Иә, көп жұмыс жасалды, енді көп ұзамай біздің жұмысымыздың жемісін көретін боласыздар, біраз тер төгілді.

 

- Сіз қазіргі «Каспий» құрамын қалай бағалайсыз?

- «Каспийдің» қазіргі құрамы - келешегінен зор үміт күттіретін құрам. Балалардың ынтасы жоғары, көздері жанып тұр. Бірақ барлығы жас болғандықтан тәжірибе жетіспейді. Сондықтан да көп еңбек етуге тура келеді, көп жұмыс жасалынады деп ойлаймын. Біз оқыту кезінде барлық ұсақ-түйекке ерекше назар аударамыз. Қазірдің өзінде ойын сапасы айтарлықтай жақсару үстінде. Су тасты тоздырады, сол сияқты, өз мақсатымызға баяу болса да дұрыс басып жетеміз деген үміттемін.

-Сіздің НБА қосымша құрамына түсуге мүмкін екеніңізді айтты. Қазақстандық спортшылардың басты баскетбол лигасын алуға мүмкіндігі туралы не ойлайсыз?

- Шын мәнінде, ол НБА қосымша құрамы болған жоқ. Александр Емельянов екеуміздің бірнеше НБА клубтартарына қабылдануға мүмкіндігіміз бар еді. Өкінішке орай, салғырттығымыздан тамаша мүмкіндіктен айырылып қалды. Жастарға айтарым барлығы өз қолдарыңда. Қол жеткізуге мүмкін емес, биіктік болмайды. Жаттығудан қашпау керек, үнемі жаттығу жасап, ізденісте жүруің керек. Әрине ол үшін тәртіп қажет.

-  Маңғыстау жанкүйерлері туралы не ойлайсыз?

- Маңғыстау жанкүйері ең үздік жанкүйер.меноны осы клубта ойнаған жылдары қатты сезінгем.

- Алдағы басты мақсатыңыз?

- Ақтаулық жігіттердің Қазақстандағы ең мықты баскетболшы болуларына көмектесу.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему