Маңғыстаулық құтқарушылар арасында 1 наурыз – Азаматтық қорғау күніне арналған волейбол жарысы ұйымдастырылды
5 Марта 2020 (16:34) | 2658 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау гарнизонының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері арасында 1 наурыз – Азаматтық қорғау күніне орай «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде волейболдан командалық жарыс өтті.
Жарысқа Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 12 құрама командасы қатысты. Мұндай спорттық іс-шаралар Маңғыстау облысының азаматтық қорғау гарнизоны арасында волейболды насихаттау және одан әрі дамыту, өрт сөндіру бөлімдерінің жауынгерлік дайындығы мен олардың шеберлігін арттыру және аймақтық жарыстарға қатысу үшін құрама команданы жасақтау мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы жеңіп алды, Шетпе ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынға Қызыл-Сай ауылының №9 өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы ие болды. Жеңімпаздарға мадақтамалар мен медальдарды Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Анверұлы Амирбеков табыс етті.
-Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға келешекте спорттық жетістіктер тілейміз!- дейді ақжолтай жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Суреттерді түсірген Рукия Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему