Баутин ауылында жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр
14 Мая 2021 (12:22) | 2139 |
Автор: Редакция
Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында жаңа мешіттің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Сыйымдылығы 100 адамға шақталған мешіттің іргетасын «Талап Маңғыстау» жеке шаруашылық серіктестігі қалайды. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Баутин ауылында 4 мыңнан астам тұрғын бар. Тұрғындар тарапынан соңғы жылдары мешіт салу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өйткені ауыл тұрғындары құлшылық ету үшін 3 км жердегі Форт-Шевченкодағы орталық мешітке баратын еді. Бүгінде мешіт құрылысы қарқынды. Жобаның жалпы құны 60 млн теңге»,-деді Баутин ауылының әкімі Ерік Жаңбырбаев.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему