Маңғыстаулық мемлекеттік қызметкерлер дойбы мен шахматтанөзара күш сынасты
2 Марта 2018 (20:41) | 3169 | Автор: Нурганым Имашева
«Алғыс айту күні» мерекесіне орай ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметкер арасында дойбы мен шахматтан жарыс өткізді. «Маңғыстау арена» спорт кешенінде өткен спорттық шараға өңіріміздегі барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Шахматтан бірінші орынды Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Турибаев Нұрберген, екінші орынды қалалық әкімдіктің атынан қатысқан Берді Елджанов алса, үшінші орын Маңғыстау облыстық сотының намысын қорғаған Гүлбаршын Берішбаеваға тиесілі.
Дойбыдан өткен жарыс та өте тартысты өтті. Бас бәйгені құрылыс басқармасының өкілі Батырбек Әмірханов еншілесе, екінші және үшінші орындыБақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері Бердібек Марқабаев пен Жақанбек Дуанбаевқа бұйырды.
Департаменттің Баспасөз қызметі
Суреттерді ұсынған Департаменттің Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему