Абхазиядан автокөлік сатып алу туралы
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 09:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Абхазиядан автокөлік сатып алу туралы

19 Апреля 2021 (12:35) | 2485 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абхазия Республикасы мен Оңтүстік Осетия Республикасының тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын республика аумағына заңсыз өткізу және пайдалану жағдайларының өскенін байқауда. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

 

 

Аталған автомашиналар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.

 

Егер көлік құралының иесі Абхазия, Оңтүстік Осетия заңды тұлғасы болса, көлік құралының кедендік декларациясы (КҚКД) немесе егер көлік құралының иесі осы республикалардың резидент жеке тұлғалары болып табылса, жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) уақытша әкелуді растайтын құжат болып табылады.

 

Абхазия Республикасында және Оңтүстік Осетия Республикасында тіркелген уақытша әкелінген көлік құралдарын Қазақстанға негізінен Абхазия Республикасының азаматтары және аз дәрежеде Ресей Федерациясының азаматтары әкеледі.

 

ЕАЭО кедендік аумағында болған кезеңде уақытша әкелінген Абхазия мен Оңтүстік Осетияның көлік құралдары ЕАЭО Кеден кодексінің (ЕАЭО КК) 264, 275–баптарында белгіленген шектеулерді бұза отырып, сенімхат бойынша (иелену, билік ету немесе иеліктен шығару құқығымен) іске асырылады.

 


ЕАЭО КК–нің 264–бабының 6–тармағына және 275–бабының 2–тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында ЕАЭО кедендік аумағында болуға тиіс.

 

Осыған байланысты, Абхазия және Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының резиденттеріне беруді жүзеге асырған тұлғалардың, сондай–ақ мемлекетке келтірілген залал сомасына қарай кедендік төлемдерді төлемей және бастапқы мемлекеттік есепке қоймай Қазақстан аумағында заңсыз пайдалану мақсатында осындай көлік құралдарын сатып алған тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстық кодексте көзделген қылмыс орны не құрамы, не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болады. Екі құрам да жазадан басқа көлік құралын тәркілеуді көздейді.

 

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық мүдделі тұлғаларға Абхазия мен Оңтүстік Осетияда тіркеу есебінде тұрған уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алмау туралы жедел ұсынымды, сондай–ақ кедендік ресімдеу мен бастапқы есепке қоюдың тиісті рәсімдерінсіз осы көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланбау туралы табанды ұсынымды жеткізеді.

 

Фото: cs13.pikabu.ru

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему