Ақтаудың Арайлымы бас жүлдені жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 13:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудың Арайлымы бас жүлдені жеңіп алды

9 Марта 2020 (12:28) | 1864 | Автор: Нурганым Имашева

Ақпан айында Алматы қаласында «Самға» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Жалынды жұлдыз, жарқыра!» республикалық онлайн-байқауы өтті. Оған Ақтау қаласынан Арайлым Досметова да қатысып, бағын сынады.

 

 

Оның фортепианода ойнап отырған бейнежазбасын ұстазы Лаура Шадманова ұсынып, байқауға жолдайды. Конкурстық шығармаларды саралаған әділқазылар алқасы Арайлымның шеберлігін жоғары бағалаған. Сөйтіп, кәсіби мамандар бірауыздан шешім шығарып, Маңғыстаудың жас өнерпазына «Аспапта ойнау» аталымы бойынша бас жүлдені тағайындаған.

 

Арайлым Досметова Ақтау қаласындағы №15 мектептің 8-сыныбының оқушысы. Сабақтан бос кезінде «Николайқызы СазОрталығындағы» фортепиано сыныбында оқиды.

 

Түрлі деңгейдегі байқауларда Маңғыстаудың абыройын асқақтатып жүрген өнерпаз жастардың қатарына қосылған жас талант Арайлымды алғашқы жеңісімен құттықтап, өнердің биік шыңынан көріне беруіне тілек қосамыз.

 

Сурет Арайлым Досметовадан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему