Шағын және орта бизнес субъектілеріне жергілікті шенеуніктер 16 рет заңсыз араласқан
8 Февраля 2020 (09:25) | 1519 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Ең сорақысы, облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г. Сүйеуова жеке бас пайдасын көздеп, жергілікті ұйымның "Өңірлерді дамыту" және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясындағы ақпараттық турларда мемлекеттік сатып алулар бойынша заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген. Осы әрекеметімен 20 млн теңге залал келтірді.
Бұл дерек дәлелденіп, айыпталушы қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен кінәлі деп танылды. Оған 2,5 млн теңге айыппұл салынған.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему