Ақшымыраулық сәбилер берекет шебердің бесігінде тербеледі
17 Апреля 2021 (12:07) | 1937 | Автор: Редакция
Маңғыстау ауданына қарасты, Ақшымырау ауылында ағаштан түйін түйіп, ата кәсіпті жаңғыртып келе жатқан Берекет Қосжанов есімді шебер тұрады.
Ол ағаштан бесік, орындық, шәй үстелдерімен қоса түрлі жиhаздар жасайды. Бүгінде ауыл тұрғындарынан оның ағаштан ойып жасаған тұрмыстық заттарына сұраныс көп. Өңір бойынша тапсырыс беріп, аттай қалап сатып алып жатқандар да бар екен. Зейнеткердің мақсаты бар өнерін кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдыру.
«Қажырлы еңбек қана елдің әл-ауқатын арттырады. Бұл ретте айтқым келгені әр адам маңдай терімен жұмыс істесе ғана нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз. Ертеректе Маңғыстау өңірінде ағаштан түйін түйген небір шеберлер өткен. Қазіргі уақытта да бар. Дегенмен ұрпақ жадынан өше бастаған ұлттық құндылықты қайта жаңғырту дұрыс деп есептеймін. Сондықтан көргенімді, ағаштан жасаған қарапайым дүниелерімді жастарға үйретіп келемін. Білсе, үйреніп талпынса екен деген ниеттемін»,-деді Берекет Қосжанов.
20 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан шебердің қолына тиген ағаш әп-сәтте сәнді бұйымға айналып шыға келеді. Арнайы станоктың көмегімен заманауи үлгіге сай икемдеп дайындайды. "Әке көрген оқ жонар"-демекші шебер әкенің тәлімінен тәрбие алған Берекет Қосжанов төл өнерді насихаттап, ауыл халқының алғысын арқалап жүр.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему