Маңғыстауда табиғатты қорғау полициясы жыл басынан бері 32 қылмыстың бетін ашқан
13 Июля 2018 (21:53) | 3589 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті Полиция Қызметінің Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері жыл басынан бері тіркелген 32қылмыстың бетін ашқан, оның ішінде ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша - 1 қылмыс, 335-бабымен – 2, 337-бабы бойынша – 1, 339-бабымен – 28 дерек.
Атап айтқанда, 08.07.2018 жылы сағат 12:30 шамасында, Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен Маңғыстау ОІІД ЖПҚ ЖППР және Маңғыстау ОІІД Жылдам қимылдау арнайы жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, «Форт-Шевченко-Ақтау» тас жолындаМұнайлы ауданы тұрғынының басқаруындағы «Lada 21907» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүксалғышынан екі қапқа салынған, салмағы 40 килограмм болатын 13-дана сойылған бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленіп алынған.
Аталған дерекТүпқараған АІІб СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 339-бабымен тіркелді.Материал аудандық сотқа жолданды.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер Tumba.kz, АгроИнфо сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему