Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Табиғат» бөлмесі ашылды
17 Марта 2021 (14:02) | 3114 |
Автор: Редакция
Жетібай ауылының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығында «Табиғат» бөлмесі ашылды. Жаңа бөлме табиғат көріністерінен тұрады.
Оның ішінде су бұрқағы орнатылған, балаларға арналған әткеншек пен орындықтар қойылған. Ерекше қажеттілігі бар ем алатын балалар құстардың дауысын, судың сылдырын естіп, табиғат аясында жүргендей әсер алады.
Жаңа бөлме «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік мекемесінің мұнайшыларының демеушілігімен ашылды. Балалардың болашағы үшін мұнайшылар «Бір жағадан бас, біржеңнен қол шығарып», бір күндік жалақыларын аударып, жаңа бөлмені керек-жарақтармен жабдықтауға атсалысқан. Арнайы кабинеттегі дүниелерді мұнайшылардың өздері жасаған.
Жетібай ауылының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығында бүгінгі таңда ем алып жатқан 70 бала бар. Әр балаға психолог, сурдопедагог, дефектолог мамандары қарастырылған және емдік-денешынықтыру бөлмесімен қамтылған. Ем-шаралар екі ауысымда жүргізіледі. Тірек-қимылы әлсіз балаларға емдік массаж жасалып, арнайы құрал-жабдықтармен бүлдіршіндердің бұлшық еттерін ояту шарасы жасалады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему