Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері Агенттіктің аумақтық департаментінің ұжымымен кездесу өткізді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері Агенттіктің аумақтық департаментінің ұжымымен кездесу өткізді

30 Апреля 2018 (17:34) | 1523 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және республикалық арнайы мониторинг тобының өкілдері Маңғыстау облысына іссапармен келіп кетті.

 

 

Іссапардағы жұмыс тобы құрамында келесі лауазымды тұлғалар Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің директоры Р.Тюлебаев, жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің бас консультанты А.Козбагаров және республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері әрі елімізге белгілі қоғам өкілдері А.Соловьева, Н. Баймурзаев, З. Батталова және Ы.Тұрсынзада болды.

 

Астанадан келген жұмыс тобының өкілдері алғашқы болып Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

 

Аумақтық департаменттің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрайымы Н.Жанназарованың айтуы бойынша, бұл іссапардың облыстағы қоғам өкілдеріне берері мол.

 

 

Себебі өңірімізде де облыстық, қалалық және аудандық арнайы мониторинг топтары құрылған және де орталықтағы әріптестерімен кейбір туындаған мәселелерді тікелей талқылауға мүкіндіктері бар.

 

Сонымен бірге аумақтық департамент басшысының айтуынша, облысымызда пилоттық режимде жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа факторлы балдық шкаласы енгізілген және де мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мен қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қолдауға бағытталған бұл пилоттық жоба өз жемісін беріп жатқандығын баса айтты.

 

Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің директоры Р.Т. Тюлебаев Агенттік тарапынан мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша бірқатар жобаларға, әсіресе Агенттіктің бастамасымен қолға алынған «Pocket book» (қалта кітапшасы) жобасына тоқталып өтті.

 

 

Аталған жоба шеңберінде республика аумағындағы Әдеп жөніндегі кеңестерінде қаралған тәртіптік істер туралы деректер жинақталып, мемлекеттік қызметшілерге қолайлы әрі кез-келген уақытта ақпарат алуға жағдай жасау мақсатында Әдеп кодексінің талаптары шағын кітапша түрінде жинақталып басып шығарылды.

 

Бұл жоба Еуропа, Грузия мен Индонезия сияқты елдердің тәжірибесі ескеріліп жасақталған болатын және де әдеп жөніндегі кеңестерінде қаралған мәселелерге байланысты уақыт өткен сайын жаңартылып тұратын болады.    

 

Өз кезегінде арнайы мониторинг тобының мүшелері З.Батталова, Н.Баймурзаев, Ы.Тұрсынзада республикалық арнайы мониторинг тобының өңіріміздегі іссапарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қоғамдық мониторингінің механизмдері туралы баяндап берді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему