″Батыс″ өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшылары экипаж құрамында дайындық жүргізуде
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 15:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Батыс″ өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшылары экипаж құрамында дайындық жүргізуде

15 Июля 2021 (11:52) | 1490 | Автор: Рустем Игисинов

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери байланысшылары штаттық техникада нормативтер мен тапсырмаларды орындау мәселелерін пысықтауда.

Әскери бөлімдерде мамандық бойынша даярлықтан кейін жауынгерлік дайындық бағдарламасының келесі кезеңі - бөлімшелердің, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру басталды.

Жеке құраммен сабақтар оқу-жаттығу полигондарында, мамандандырылған сыныптарда және ұрыс машиналары парктерінде өткізілуде.

- Командирлердің басшылығымен жеке құрам байланыс техникасын құрып-жайғастыру, аппарутураларды, радиостанциялар мен желілерді келтіру, сондай-ақ радио жаттығуларды жүргізу тәртібін оқып жатыр. Экипаждарды даярлау кезінде біз тақырыптар мен сабақтардың неғұрлым оңай түсінуге болатын форматын таңдап, қарапайым алгоритмдерден күрделіге бірте-бірте ауысып отырамыз және әрекеттердің дұрыс орындалуын қадағалап отырамыз, - деді радио взвод командирі лейтенант Әділет Құрмашев.

Әскери байланысшыларды даярлаудың бұл кезеңі экипаж жеке құрамын штаттық радиостанцияларда оқытуды көздейді. Экипаждың белгілі бір аймақтағы тапсырманы жеке дара орындай алатын жауынгерлік бірлік болуына байланысты, дайындықты жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу өте маңызды.

Оқу кезеңі аяқталғаннан кейін байланысшылар тиісті сынақтардан өтетін болады. Жеке құрамның кейінгі дайындық кезеңі взвод құрамында жалғасатын болады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему