Маңғыстауда «nauryz fest» фестивалі басталады
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 23:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «nauryz fest» фестивалі басталады

12 Марта 2021 (14:08) | 2243 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен өңірде  алғаш рет «Mangystau Nauryz Fest - 2021»  жастар фестивалі өтеді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен бриыингте Маңғыстау облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Абылай Фазылбек мәлім етті. 

 

 

Ұлттық дәстүрді дәріптейтін жастар фестивалінің мақсаты - Амал және Наурыз мейрамын жаңа үлгіде тойлау дәстүрін қалыптастыру, қоғамды ұйыстыруға бағытталған құндылықтарды насихаттау.

 

Фестивальдің бағдарламасына сәйкес облыс көлемінде түрлі деңгейдегі қоғамдық-мәдени шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

 

«14 наурыз - «Көрісу күнінде» өңір волонтерлары қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, «Жыл құтты болсын» атауымен тәттілер үлестіреді және осы күні тұрғындар арасында «Ұлт нақышы» фото байқауы жарияланады. Тұрғындар 14-22 наурыз күндері аралығында «instagram» әлеуметтік желісіне қазақтың ұлттық киімдерімен түскен суреттерін #MangystauNauryzFest2021 #ҰлтНақышы2021 хэштегтері арқылы жариялау арқылы байқауға қатыса алады. Үздік суреттерді өңірге танымал, кәсіби фотограф мамандар таңдап, жеңімпаздар марапатталады.

 

15 наурыз – «Жайлау күнінде» өңір жастарының қатысуымен аудан және қала орталықтарында орналасқан саябақтарда тал егу шарасы өтеді. Кемінде 500 түп тал егіледі деп жоспарланған.

 

16 наурыз – «Шежіре» және 17 наурыз – «Тарихқа тағзым» күндері Мұнайлы және Қарақия аудандарында «Ақ жол» жастар театрының әуесқой әртістерінің қатысуымен Наурыз мейрамының тарихи мәнін айқындайтын драматург Өтен Ахметтің «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымы көрсетіліп, аудандық және қалалық мұражайларға тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылады.

 

17 наурыз «Тарихқа тағзым» тақырыбымен облыстық жас ақындар айтысы өтеді.

 

18 наурыз - «Игі істер күнінде» – Маңғыстау облысының волонтерлар корпусының Ақтау қаласындағы №69 түзету мекемесінде сотталған азаматтарға кітап сыйлау шарасы өтеді. Сонымен қатар, өңірдегі волонтерлік топтар мен жастар ұйымдарының қайырымдылық шаралары жоспарланған.

 

19 наурыз «Шымырлық және шеберлік» деп аталатын келесі күні Маңғыстау ауданында жас құсбегілер және ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, арқан тартыс, күш сынасу) жарыстары өтсе, Жаңаөзен қаласында садақ атудан республикалық жарыс өтеді. Ал, Ақтау қаласында жас қылқалам шеберлері мерекеге байланысты тақырыптық туындылар салып, өзара бақ сынасады.

 

20 наурыз – «Зияткерлік күні» Маңғыстау облысының тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе жастар мен жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақ ойындарының қалалық сайысы өтеді.

 

21-22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған теңіз жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарына мурал таныстырылады. 14-22 наурыз аралығында «Ұлттық тағамдар күніне» орай Маңғыстау облысының тұрғындары «инстаграм» әлеуметтік желісіне Наурыз мейрамында дайындалатын тағамдардың дайындалуын, дастархан жаю әдебін көрсететін бейнероликтер байқауы және Қарақия ауданы жастарына арналған ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін дәріптейтін «Берекелі, мерекелі – әз Наурыз» бейнероликтер байқауы жарияланады. Байқауға қатысушы #MangystauNauryzFest2021 #НаурызМәзірі хэштегтері арқылы желіге жариялау арқылы қатысады.

 

Облыс көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралар  әлеуметтік желілерде #MangystauNauryzFest2021 #МаңғыстауЖастары ресми хэштегтері арқылы жарияланады»,-деді Абылай Фазылбек.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему