Мұнайлы ауданында індет бәсеңдеп келеді
Курс валют в Актау
на 27/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
27 Декабря, 17:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданында індет бәсеңдеп келеді

17 Июля 2020 (11:23) | 2498 | Автор: Редакция

Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының хабарлауынша, аудандағы фильтр кабинетіндегі дәрігерлерге қаралатындар саны салыстырмалы түрде азайғанын айтты.

 

 

Ал, ауданда бес фильтр кабинеті жұмыс жасап тұр.  Осыдан екі  апта бұрын мұндағы ақ халаттылар күніне 60-қа жуық науқастарды қабылдайтын. Атамекен ауылындағы фильтр кабинетінің дәрігері Махаббат Абдашеваның айтуынша, осы аптада дертіне ем іздеп келушілер қатары сиреген. 

 

«Келушілер өткен аптадан бері бірталай азайды. Оның алдындағы екі аптада келушілер саны өте көп болды. Пневмония өте көп болды. Бір күнде 40 адам қабылдасақ. Соның 25 і пневмония, 15 і ОРВИ белгілерімен келді»,- деді фильтр кабинетінің дәрігері Махаббат Абдашева.

 

Ауданда 40 орындық провизорлық стационар жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, Йәя12 оттегі концентраты бар.

 

«Қазіргі ахуал бәрімізге белгілі.  Індеттің таралуы өршіп,  ауру дендегендер саны артты. Бірақ бір-бірімізді қолдау арқылы бұл қиындықты да еңсеретініміз анық.  Қарлығаш көмегін созған жанашыр азаматтар мен кәсіпкерлер аянып жатқан жоқ. Жақында БАӘ-нен де гуманитарлық көмек өңірімізге жетті. Қолдау білдіріп,  дәрігерлер мен емделушілерге көрсеткен қолдауларыңызға алғыс білдіреміз. Карантин жарияланғалы ауырып ем іздегендер саны азайды.  Ауданда науқастардың ем-домына қажетті оттегі баллондарымыз да бар. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Аудандағы провизорлық  орталыққа жергілікті кәсіпкерлер де барынша қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, жақында БАӘ- нен гуманитарлық көмек келді», - деді Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Жанар Досжанова.

 

Маңғыстау облысына Біріккен Араб Әмірліктерінен келген гуманитарлық көмектің бір бөлігі Мұнайлы ауданындағы провизорлық стационарға жеткізілді. Оның ішінде 600 дана комбинезон,  100 дана,  қорғаныш көзілдірігі, 1600 дана бір реттік қолданылатын халат әкелінді.

 

Бұдан бөлек, 2 ИВЛ аппараты жеткізілді. Айта кету керек, бұған дейін Ақтау іргесіндегі ауданда өкпені жасанды желдету аппараты болмаған. Провизорлық орталық бұл апаратты алдағы уақытта ауыр жағдайдағы науқастарды облыс орталығына жеткізу үшін қолдануды жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему