Жас балуандар үш алтынды олжалады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 21:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас балуандар үш алтынды олжалады

17 Апреля 2017 (12:57) | 1836 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қырғыз елінде дзюдо күресінен Халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсеке 2002-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.

 Бұл жолы маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы, 44 келі салмақта Айгерім Еламанова, 48 келі салмақта Айкүн Рахметова өзгелерден мықты екендерін дәлелдеп, алтын медальға ие болып, чемпион атанды.

Одан бөлек, 50 келі салмақта шетпелік балуан Нұрсәт Қанатбаев қола жүлдені ұтып алды. Сүйінші хабарды  балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкер Жомарт Қобылановтан естідік.

- Жарыстың бірінші күні Айгерім Еламанова елімізге алғашқы алтынды сыйлады. Шәкіртімнің жеңісті жолын Нұрсұлтан, Айкүн, Нұрсәт жалғастырды. Осылайша, аймақ қоржыны 3 алтын және бір қола медальмен толықты. Бұл-үлкен көрсеткіш.

Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасына, облыстық дзюдо федерациясына және облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғыс айтамыз,-деді белгілі бапкер Жомарт Қобыланов.

13-14 сәуір аралығында Қырғызстанда өткен дүбірлі додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан мемлекеттерінен барлығы 350 дзюдошы қатысты. Ел абыройын асқақтатқан Маңғыстау балуандарының кезекті жеңісі құтты болсын!

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему