Ақтау қаласының әкімі ұзақ бауырды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
7 Марта 2021 (13:17) | 2601 | Автор: Редакция
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай шаһардағы жасы үлкен, 101 жастағы Тәнкеш Кадированы құттықтады.
Бір ұл, бір қыз өсірген әженің 10-ға жуық немересі, 20-дан астам шөбересі бар. Қария өмір бойы мал шаруашылығымен айналысып, тылда қызмет еткен. 1 ғасыр жасаған кейуана әлі де тың. Қала әкімімен өткен кеткенімен бөлісіп, ескі шақтарын еске түсірді. Елдің болашағы жарқын болуды тілеп, өз алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, шаһар басшысы ақтаулық Сабина Кеңесбаеваны құттықтауға барды. Н. Оңдасынов атындағы 5-орта мектебінің 3"в" сынып оқушысы көшедегі мұқтаж адамға ақшасын беріп, жомарттығымен үлгі болып, әлеуметтік желіде көптің талқысына түскен болатын. Мейірімділік танытқаны үшін "Қызық премия" бағдарламасында "Жылдың ең жомарт адамы" аталымын ұтып алған болатын. Қала басшысы Сабинаның отбасымен танысып, берекелі шаңырақтағы аруларды мерекемен құттықтады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы мерекеде отбасының амандығын тілеп, Сабинаны тәрбиелеген ата-анасына алғысын айтты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему