Ақтаулық оқушы 365 күн бойы 1661 шақырым жүгірді
Курс валют в Актау
на 26/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
26 Декабря, 18:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушы 365 күн бойы 1661 шақырым жүгірді

20 Февраля 2021 (14:16) | 2897 | Автор: Редакция

Ақтау қаласында талантты, дарынды балалармен қатар ерік-жігері мықты балалар да тұрады. Бүгін біз сізге жігерін шыңдап, еңбекқорлықтың жемісін көрген Жансұлтан Бүркітбай туралы айтатын боламыз.

 

 

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Жансұлтан Бүркітбай 11-сыныпта оқиды. Ол көшбасшы болу жасқа емес еңбекқорлық пен ниетке тікелей байланысты екендігін дәлелдеген жас тұлға.

 

Жансұлтан 2019 жылы қазан айында алдына 365 күн бойы жүгіру мақсатын қойған. Ал өткен жылдың 12 қазан күні өз мақсатына жетті.

 

"Бір жыл бойы жүгіру мақсатын қоюыма себеп болған Хеллах Сидиб есімді жүгірушінің видеосын Youtube арнасынан көруім болды.  Ол да мен секілді күнде жүгіруді әдетке айналдырған. Жалпы жүгіру, спорттың пайдасы туралы тұрақты бейнематериалдар әзірлеп ұсынып отырады. Мұны көрген соң мен де шабыттанып жүгіріп көруге бел байладым", - дейді спортшы.

 

Жансұлтан күнде жүгіру оңай болмағандығын айтады. Өйткені жүгіру графигіне, орнына өзгерістер енгізіп отыруға тура келген. Күнделікті сабақ, ауа-райының қолайсыздығы, ораза кезінде жүгіру бірқатар күш пен сабырлылықты талап еткен.

 

"Бастапқыда қиын болды. Осы уақытқа дейін жаз айында таңғы бесте жүгіріп жүрсем, күз айынан бастап графиктің тығызынан кешкі уақытта жүгіруге тура келді. Аязды, желді күндерде жүгіру қиындық туғызады,  кейде тым кеш уақытта жүгіруге тура келеді. Алайда алда айқын мақсатын болғандықтан жүгіруді жалғастыра бердім. Кейін карантин басталды. Көшеге шығуға болмайды деген соң үй ішінде, мектеп ауласында жүгіруге тура келді. Кейін ауыз бекітіп ораза ұстадым. Ол кезде де жүгірдім", - дейді жас өрен.

 

Жансұлтанның жүгіруге қызығушылығы мен уәдеге беріктігіне қызыққан жастар оған еріп жүгіре бастапты. Нәтижесінде жас зияткер Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларының басын қосып «NISRUNCLUB» жүгірушілер клубын құрған. Карантин талаптарына байланысты клуб жұмысы әзірге тоқтап тұр. Ал Жансұлтан, жүгіруін тоқтатқан жоқ. 

 

Ол бүгінде үш жартылай марафон мен бір толық 42 шақырымдық марафонға қатысып, бір қайырымдылық марафонын ұйымдастырып үлгерді.

 

"Жүгіруге деген қызығушылығым мені көптеген жетістіктерге жетеледі. Жүгіру марафондарына қатысып, зияткерлік мектептің белсенді мұғалімдерімен бірге қайырымдылық онлайн-марафонын ұйымдастырып, Маңғыстаудағы бес отбасыға көмек көрсеттік. Енді карантин мерзімі аяқталған соң мектебімізде оффлайн марафон өткізу жоспарда бар. Көшбасшылық қабілетім де дамып қазір оқу орнындағы өзін-өзі басқару ұйымының президентімін", -дейді ол.

 

Ал, біз рухын шыңдаған Жансұлтанға сәттілік тілейміз.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему