Тәртіптік істер қаралды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 21:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіптік істер қаралды

16 Февраля 2022 (13:05) | 1640 | Автор: Редакция

Ағымдағы жылдың ақпан айының 9 жұлдызында Түпқараған ауданы әкімдігінің және оған қарасты мекемелердің бірнеше лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Алғаш болып Форт-Шевченко қаласының әкімі Ш. Азирбаевқа қатысты іс талқыға салынды.

Нақтырақ айтқанда, қызметші 4 қаңтар күні сағат 11.00 шамасында, өзінің қызметтік автокөлігімен қала аумағындағы бейбіт  шеруге шыққан адамдармен кездесуге барған. Мақсаты жиналған халықты тәртіпке шақыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу болған. Алайда, лауазымды тұлға бұл кездесуге барған кезде алкогольдік ішімдіктен масаң күйде болған.

Соны сезген халық дереу полиция қызметкерлерін шақырып, нәтижесінде Ш.Азирбаевтың жеңіл түрдегі масаң күйде екені дәлелденген.

Кейін, Түпқараған аудандық сотының шешімімен ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 15  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7  жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазасы қолданылған.

Аталған дерек сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып,  халық арасында резонанс тудырды.

Қолданыстағы Әдеп кодексінің нормалары мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауды, соның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуді міндеттейді.

Осы талаптар Ш. Азирбаевтың тарапынан қаншалықты сақталды деген мәселелерді талқылаған Әдеп кеңесінің мүшелері бірауыздан  қала әкімін әдеп кодексі нормаларын өрескел бұзған деген негізбен атқаратын қызметінен шығару туралы ұсыным жолдайтын болды.

Келесі болып, прокуратура органының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде қозғалған Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары О.Тлепов пен Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы А.Қазанғаповқа қатысты тәртіптік істер қаралды.

Бұл жағдайда, лауазымды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілерінің  пайдалы қатты қазбаларды өндіруге байланысты құжаттарын рәсімдеу кезінде оны созбалаңға салу деректеріне жол берген.

Бұған дейін де, бөлім басшысы А.Қазанғапов 2021 жылдың желтоқсан айында, талқыланып отырған мәселе бойынша қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылған болатын.

Алайда, Әдеп кеңесінің шешімі шыққаннан кейін де, ол қажетті шараларды қабылдамай, кәсіпкердің өтінішін қанағаттандыру бағытында заңды шешім қабылдамай, оны әрі қарай созбалаңға салған.

Тек, прокуратура органдарының ағымдағы жылдың қаңтар айында қайталап енгізген ұсынысынан кейін ғана кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылған.

     

Мәселені жан-жақты талқылаған кеңес мүшелері А.Қазанғаповтың жоғарыда көрсетілген әрекеттерін кәсіпкердің заңды құқықтарына ашық кедергі жасауы деп бағалап, оған мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін лауазымынан төмендету, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

 Сонымен бірге, осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін, әдеп кодексі нормаларына сәйкес ескерту жарияланатын болды.

   

 

 

 

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему