Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында болашақ ауылында веложарыс өтті
14 Июня 2021 (13:34) | 1668 | Автор: Редакция
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарақия ауданындағы Болашақ ауылында 6-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында веложарыс өтті. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Болашақ ауылының әкімі Түзелбай Сағиевтің мәліметінше, веложарыс жас ерекшеліктеріне қарай 6-9 жас пен 10-13 жас аралығындағы оқушылар арасында өтті.
“Негізгі мақсат- салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларды шымыр болуға тәрбиелеу. Жарыс соңында команда жеңімпаздары анықталып, қатысушыларға дипломдармен арнайы сыйлық табысталды. Мектеп оқушылары арасында өткен сайысқа демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге, ұйымдастырушылар мен барлық атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіремін" - деді ауыл әкімі.
Болашақ ауылының кәсіпкерлері жасөспірімдер арасындағы спорттық шараларға демеушілік көрсетіп жүр.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему