Маңғыстауда Мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 14:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр

31 Января 2021 (13:17) | 2118 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың ұсынысымен өңір бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру семинары басталды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айгүл Демеуова мәлім етті.

 

 

«ҚР Мәслихат депутаттарының қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру ерекшеліктері» тақырыбындағы семинардың басты мақсаты - депутаттық қызметтегі жеке тиімділікті арттырудың негізгі қағидаларын зерттеуге бағытталған. Депутаттың күнделікті қызметіндегі негізгі құқықтық және басқарушылық аспектілерін анықтауға, сондай-ақ депуттатың практикалық қызметіне көмектесетін жеке ресурстарды қалыптастыруға мүмкіндік беру», - деді ол.

 

Семинар жоспар бойынша 3 күн өтеді. 27 қаңтар мен 29 ақпанға дейінгі аралықта бекітілген кестеге сәйкес облыс, қала,аудан мәслихатынан сайланған 136 депутат қатысады.

 

 

 «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филилалында жаңа құрамдағы депутаттарға семинар өткізеді.  Нормативтік құқықтық актілер, депутаттық стреске төзімділік, депутаттық этика, депутаттық сауалды қалай беру керек оның ішкі алгоритмі секілді бірнеше тақырыптар қамтылады»,-деді Айгүл Демеуова.

 

Семинарда экономика ғылымдарының докторы, облыс әкімінің кеңесшісі мен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының философия ғылымдарының докторлары мен профессорлары дәріс оқиды.

 

«Депутаттық қызметтің жан-жақты білімін, іскерлігі мен дағдыларын арттыру, депутат мәртебесі мәселесін қарастыру, жеке тиімділік пен басқарушылық ресурсты дамыту, менеджмент және психология саласындағы білімді жүйелеу, даулы жағдайларды шешуге практикалық тәжірибе жинақтайды. Семинар тақырыбына қызығушылық танытып, өзгермелі қоғамда кәсіби біліктіліктердің жүзеге асыруда бірден-бір қажетті шара болмақ», - деді А. Демеуова.

         

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему