Ақтауда сот пен әкімдік ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 10:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда сот пен әкімдік ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

21 Ноября 2018 (15:54) | 1954 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық соты Қазақстан халықтарының ассамблеясы филиалымен бірге «Дау мұраты – біту» форумын өткізді, қатысушылар Билер кеңесін құру мүмкіндіктерін талқылады.

 

 

Іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде өткізілді. Форумға судьялар, ардагерлер, прокурорлар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғылым қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлер және медиаторлар қатысты.

 

Форумды ашқан облыстық соттың төрағасы Ержан Даулиев қатысушыларды Билер кеңесінің рөлі мен мәртебесін жан-жақты талқылауға, сонымен бірге бүгінгі форумның негізгі идеясын іске асыруға шақырды. Ол Мемлекет басшысының бағдарламалық құжатта қазақстандықтардың XXI ұлттық сананы дамытудың нақты тетіктерін ұсынғанын атап өтті, сондай-ақ қазақ халқының бай тарихи мұрасының сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

 

 

-Қазақтың билер соты - айрықша институт. Ұлттық құндылық ретінде қоғамдық сананы жаңғырту арқылы билер сотының элементтерін қоғамдағы шиеленістерді азайтуға пайдалана алар едік, - деп санайды Е.Даулиев.

 

Форумда судьялар, медиаторлар, профессорлар, ардагерлер сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында XVII-XVIII ғасырларда аттары аңызға айналған әрі шын мәнінде Ұлы даланың медиаторлары болған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қызметі туралы әңгімеледі.

 

Мәселен, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов өз сөзінде сот дауларының ең көп бөлігін билердің қарағанын, ал басқару жүйесінде сот биліктің жетекші нысаны болғанын атап өтті.

 

 

-Билер сотының ерекшелігі - оның негізін этномәдени әлеуметтің тұрықтылық пен бірлік идеалдарына адалдықты сақтай отырып, дауды әділ әрі тура шешуді бұйыратын құндылықтары құрайды, - деді ол.

 

Облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев Билер кеңесінің негізгі міндеті ретінде медиация институтын нығайтуды, билер институтын жандандыру және азаматтық, қоғамдық келісім мен жалпыхалықтың бірлік қағидаттары негізінде қазақстандық бірегейлікті дамытуды атады.

 

Оның пікірінше, Кеңестің қызметі қалыптасқан жағдайға талдау жасау, әлеуметтік және өзге де шиеленістерді шешу, тұрғындар арасындағы дауды татуластыру арқылы реттеуге практикалық көмек көрсету, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлікті нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу болуы тиіс.

 

 

Азаматтардың қатысуы, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды қолдау және дамыту, «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасын насихаттау және іске асыру қажеттігін аталды.

 

Форумға қатысушылар «Сот төрелігінің жеті түйіні» пилоттық жобалары туралы бейнеролик көрді. Олар Билер кеңесін құру, оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оның құрамын айқындау бойынша түскен бірқатар ұсыныстарды талқылады.

 

Кездесу шеңберінде Е.Даулиев и М.Сқақов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын дамытуға және белсенді түрде енгізуге, сондай-ақ Билер кеңесін құруға және оның жұмыс істеуіне бағытталған.

 

 

Сол күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологии и инжиниринг университетінде татуластыру рәсімдері бойынша оқу орталығының ашылуы болды. Онда сөз алған Ержан Даулиев татуластыру рәсімдерін сотта және соттан тыс қолдану үрдісінің артқанын атап өтті. Ол студенттер арасындағы жанжалдарды шешуге бағытталған оқу орталығында татуластыру рәсімдерін дәріптеу бойынша судьялардың дәріс оқитынына баса назар аударды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему