Балаларды терезеден құлаудан сақтайық
23 Января 2021 (10:58) | 2918 | Автор: Редакция
Қазіргі таңда жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша балалардың терезеден құлауына қатысты бір оқиғасы тіркеліп отыр. Балалардың терезеден құлауының негізгі себептерінің бірі –оларды ашық терезе алдында қараусыз қалдыру болып отыр. Көп қабатты үйлердің терезесінен құлау жағдайлары 2 мен 7 жас аралығындағы балалар арасында жиі болып тұрады. Олардың басым бөлігі ауыр жарақат алады немесе мерт болады.
Қазіргі пандемия кезінде кішкентай бүлдіршін балалардың үйде – карантинде болуына байланысты олардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажет. Бала қауіпсіздігі мәселесіне аса назар аудару керек. Көп жағдайда балалардың терезеден құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен орын алады.
Қасіреттің алдын алу үшін, Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес береді.
Сонымен қатар барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды ұсынады. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз. Масадан қорғайтын тор баланы терезеден құлап кетуден сақтай алмайтынын есте сақтау керек
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы инженері азаматтық қорғау капитаны Ордабаева Г.Қ.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему