Медициналық қызмет сапасына көңіліңіз толмаса қоңырау шалыңыз
9 Марта 2020 (11:16) | 3583 | Автор: Нурганым Имашева
Құрметті Маңғыстау тұрғындары!
Егер сізге емхана немесе аурухана сапасыз қызмет көрсетсе, 1406 колл-орталығына қоңырау шалып, арыз қалдыра аласыз. Қоңырау шалу кез-келген оператордан тегін. Бұған мүмкіндік болмаса, Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасын ұялы телефоныңызға жүктеп, өтінішті жазып та қалдыруға болады.
Айта кететін жайт, 1406 колл-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Дәрігер не медбике дөрекі сөйлесе, тегін медициналық қызмет үшін ақы төлеуді сұраса, емханаға тіркемесе, госпитализациялаудан бас тартса, көрсетілген қызмет бойынша сұрақ туындаса, медициналық қызмет сапасын көтеру туралы ұсынысыңыз болса немесе жай ғана медициналық сақтандыру жайында кеңес алғыңыз келсе, осы мүмкіндікті пайдаланыңыз!
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» мамандары сізге міндетті түрде жауап береді.
Сурет «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» тбаспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему