«Абай» маневрлік тұрақтау пунктін жауынгерлік пайдалануға беру туралы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Абай» маневрлік тұрақтау пунктін жауынгерлік пайдалануға беру туралы

11 Декабря 2020 (11:58) | 2411 | Автор: Редакция

2020 жылғы 10 желтоқсанда «Құрық» теңіз портында «Зенит» Орал зауыты жасаған «Абай» маневрлік тұрақтау пунктін (бұдан әрі – МТП) жауынгерлік пайдалануға беру рәсімі өтті.

 

 

МТП корабльдерді, катерлер мен кемелерді арқандау, тұрақтату және қызмет көрсету үшін арналған. Айлақты пайдалану шекарашы теңізшілердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп, кемелер мен қайықтардың тиімділігін, олардың дербестігін арттырады. Ол тылдық және электрмен жабдықтауды және теңіз шептерін күзету бойынша түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін қамтамасыз етеді. Кеме экологиялық қауіпсіздіктің ең заманауи талаптарына жауап береді.

 

 

Іс-шараға облыс әкімі С.У. Трумов, құрметті қонақтар – «Зенит» Орал зауытының бас директоры В.Х. Валиев, ІІД, ТЖД өкілдері, ҰҚК ШҚ «Застава тарландары» ардагерлері қатысты.

 

Облыс әкімі өз сөзінде Каспий теңізінің оңтүстік бөлігін нығайту мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

 

 

Рәсім «Абай» МТП командиріне Әскери-теңіз шекара туын және тақтайшаны тапсырумен, қатысушылардың теңізге шығуымен және кемелер мен катерлер парадын қабылдаумен жалғасты.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

 

 



Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему