Дәрігерлер Елбасы Жолдауына қолдау білдіруде
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дәрігерлер Елбасы Жолдауына қолдау білдіруде

29 Ноября 2014 (07:29) | 2812 | Автор: Redactor

 

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Жолдауға үн қосты. Осы орайда басқарма басшылығы арнайы жиын өткізіп, дәрігерлер арасында «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауының бағыттарын түсіндірді.

             

Медицина саласы қызметкерлерінің жиналысына қатысқан облыстық мәслихат депутаты Сағыныш Төралиев Жолдаудың басым бағыттары турасында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, халық қалаулысы Президент берген тапсырмалардың барлығы ел экономикасын дамытып, әлеуметтік саладағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты. Жиында сөз алған дәрігерлер де Жолдау бағыттарының орындалатынына сенім білдірді.

 

Алмабек Бисен, МО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Елбасымыздың 11 қарашада жолдаған Жолдауын талқылау мақсатында біздің басқарма арнайы кесте дайындап, өңіріміздегі барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде-аудандарда, Жаңаөзен қаласында жиындар өткізіп жатыр. Оларға облыстық мәслихаттың депутаттары мен дәрігерлер қатысуда. Бүгінгі кездесуге 24 шағын аудандағы медициналық қалашықта орналасқан емдеу мекемелері: Маңғыстау облыстық ауруханасы, Маңғыстау облыстық перинаталдық орталық, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы, Ақтау қалалық №2 емханасы, Облыстық инфекциялық ауруханасында қызмет атқаратын дәрігерлер мен медбикелер қатысып отыр.

Бұл Жолдаудың маңыздылығы-қазіргі дүниежүзілік дағдарыстың жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсарту, қиындықтардан қалай шығу, қаржы мәселесін қалай шешу деген-соның бәрін халыққа айтып түсіндіріп, медицина қызметкерлері, соның ішінде дәрігерлер бар, орта буын қызметкерлері бар, барлығымыз бірлесе отырып, талқылап, бірге шешу мақсатымен бас қосып отырмыз,-деді.

 

 

Айта кететіні-Елбасы Жолдауын талқылауға, оған қолдау көрсетуге бағытталған осындай жиын бұдан кейін Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде ұйымдастырылды. Оған 1 шағын аудандағы медициналық қалашықта орналасқан емдеу мекемелері: Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансері, облыстық психоневрологиялық диспансер, Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығы, Ақтау қалалық перзентханада қызмет атқаратын дәрігерлер мен медбикелер қатысты.

 

Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасында өткен басқосуға қаладағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің дәрігерлері мен медбикелерімен кездесуге Облыстық маслихаттың депутаты М.Сарыев және Жаңаөзен қалалық маслихатының депутаты Б.Нурбасынова келді.

 

Сонымен қатар Елбасы Жолдауына қолдау білдіруге арналған шаралар Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Бейнеу және Қарақия аудандарында да өтті. Оларда медицина қызметкерлеріне Жолдауды Мұнайлы аудандық маслихатының депутаты А.Шыршықбаев, Түпқараған аудандық маслихатының депутаты Г.Шалабаева, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты З.Нұржанова, Маңғыстау аудандық маслихатының депутаты Б.Құсымбаев, Қарақия аудандық маслихатының депутаты Е.Есенкосов түсіндірді. Кездесу кезінде дәрігерлер өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында елдің әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосу үшін аянбай еңбек ететіндеріне сендірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему