Маңғыстаудан бастау алған «Batys Skills» аймақаралық чемпионаты өз мәресіне жетті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудан бастау алған «Batys Skills» аймақаралық чемпионаты өз мәресіне жетті

4 Декабря 2017 (09:40) | 1810 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстауда алғаш рет ұйымдастырылған "Batys Skills" чемпионаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінде білім алып жатқан техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің басын қосты.

 

 

Бес облыстан келген 80 студент 11 құзіреттілік (мамандық)бойынша бақтарынсынады. Атап айтқанда: кірпіш қалау, құрғақ құрылыс, сылау жұмыстары, дәнекерлеу, жеңіл көліктерге қызмет көрсету, жөндеу,электромонтаждау, аспаздық іс, токарлық жұмыс, IT желісін жүйелі басқару, киім үлгілеу мамандығы бойынша сайысқа түсті.

 

Шараға облысәкімдігі, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, мәслихат депутаттары, өңірлік "Атамекен" кəсіпкерлер палатасы, республикалық колледждердіңқауымдастығы өкілдері мен сарапшылары қатысты.

 

 

Үш күнге жалғасқан байқаудың жабылу салтанаты "Балдәурен" демалыс базасында өтіп, жеңімпаздар есімдері белгілі болды.   

 

Шара Тұңғыш Президент күні мерекесіне және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. «BatysSkills» байқауы - «WorldSkills»  жобасы негізінде қаланған.

 

 

Алғаш рет ұйымдастырылған шараның мақсаты - өңірлерде жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру. Соның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, аймақтар арасында тәжірибе алмастыру. 

 

Қазіргі таңда, облыстағы кәсіпорын дарғақажетті жұмысшы кадрларға деген сұраныс жыл санап артып отыр. Сол себепті бұл чемпионаттың  Маңғыстауда өткізілуі кездейсоқтық емес. Ал чемпионатта төрелік ету үшін, ҚР колледжінің қауымдастығы мен аймақтардан барлығы 88 сарапшылар тартылған. Мәселен, сайыста өнер көрсеткен 80 студенттің 25-і жергілікті командадан құралған. Сайыстың екінші  күнінде студенттер зауытта, коллеждердің ресурстық және тренинг орталықтарында бақтарын сынады. Жарыс Ақтау қаласы мен Қарақия ауданының орталығында өтті. Аймақаралық чемпионаттың жабылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегер атанған студенттерді марапаттады. Тек маңғыстаулық команданы алатын болсақ, барлығы 11 қатысушы жүлдеге ие болды. Оның 5-уі үздіктер қатарынан көрінді.

 

 

Атап айқанда, Мейірман Үйсенов «Электромонтаждық жұмыстар», Найзабай Аманжолов "Кірпішті қалау", Заманбек  Әлібаев «Майлау және безеңдіру жұмыстары», Берекет Егеубаев «Темір жонушы», Амангүл Жалғасбаев «Наубайшы ісі» және Ақжарқын Кунаева «Киім үлгілеу» құзыреттілігі бойынша жеңімпаз деп танылды.  Өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Шаймерденованың айтуынша, студенттердің дені үлкен дайындықпен келген және чемпионатта өзара сайысқа түсіп, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.

 

 

-Біз мұндай жобаларды қолдаймыз. Ең бастысы жастардың қызығушылығы жоғары екендігін байқадық. Өзге облыстардан келген студенттер де чемпионат жоғары деңгейде өткендігін алға тартып отыр. Осы шараның өтуіне үлес қосқан оқу орындарының басшылары жарады. Алдағы уақытта, біздің студенттеріміз жеңіс жолын жалғастырады деген сенімдеміз, - деді ол.

 

 

Айта кету керек, «Batys Skills» аймақаралық чемпионат Маңғыстау өңірінен бастау алып, кезекті сайыс келер жылы Ақтөбеде өтетін болып белгіленді.

 

Дайындаған: Кәмшат Ізбасарова

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының сарапшысы

Суретті түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему