Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді
21 Февраля 2019 (13:30) | 1822 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Көші-қон қызметінің орталығы ашылған күнінен бастап 2 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына 308 адам қабылданды, оның ішінде, сұралған тәртіппен 271 адамға 243 этникалық қазақтардың үлесі келеді.
Сондай-ақ, 2 ай ішінде көші-қон қызметінің бөліністерімен 2670 төлқұжат пен 4676 жеке куәлік берілді.
Облыс аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (шетелдіктерге) 451 азаматтығы жоқ тұлғаларға куәліктерін дайындау үшін ықтияр хат ІІМ-нің Көші-қон қызметінің комитетіне рәсімделіп, жолданды.
Көрсетілген кезеңде Қазақстан Респубикасына уақытша жеке ресми сапармен келген тұлғаларға 603 шақырту хаты дайындалды, сондай-ақ 372 шетелдіктің ҚР визаларын (рұқсатын) алуға 115 ұйымның шақыру хаттары бекітіліп, расталды.
-Есепті кезеңде облыстың ПД-нің көші-қон қызметі бөлімшелерінде 18 681 шетелдік уақытша тіркелген. Оның ішінде, 8 алыс шетел азаматы және 18673 жақын шетелдерден (ТМД) келген шетелдік азаматтар. Әкімшілік жауапкершілікке 1006 шетел азаматы, атап айтқанда, ТМД елдерінің барлық азаматтары тартылды.
Осымен, 121 шетелдік елден шығарылды, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен - 7, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаны -1.
Сонымен қатар, 424 шетелдікке Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі қысқартылды.
Түрлі құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының 133 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың жалпы санынан 2 млн. 375 мың 232 теңге сомасына айыппұл салынып, 100%-ы өндірілді.
Көші-қон заңнамасының саласы бойынша СДТБТ тәртібінде ҚР ҚК-нің 393-бабымен (ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы шешімді орындамау) 18 қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігі бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың басынан бері 8941 шетел азаматы заңдастырылды, ол бойынша облыс бюджетіне 97 млн. 363 мың 130 теңге көлемінде қаражат түсті, -деп мәлімдейді Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему