Ақтаулық балуан Нұрсұлтан алтын медальдың иесі атанды
22 Декабря 2015 (10:16) | 1749 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстаулық балуан Нұрсұлтан Манарбекұлы дзюдодан өткен халықаралық турнирде алтыннан алқа тағып, аймақтың абыройын асқақататты.
Бөгенбай батырдың атында өткен жарыс Степногорск қаласында осымен төртінші рет ұйымдастырылды. Оған 2002-2005 жылы туылған еліміздің барлық өңірінің және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің 250-ге жуық балуаны қатысып, әр түрлі салмақ дәрежесінде күресті.
-Жарыста 35 келі салмақта сайысқан балуанымыз Нұрсұлтан қарағандылық, степногорскілік балуандардың жауырынын жерге тигізіп, финалда қарсыласын 12 секундта айқын басымдылықпен ұтып, жеңіске жетті.
Биылғы жылы Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанған, Қарағанды қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дзюдодан өткен республикалық турнирде алтынды иеленген шәкіртімнің болашағынан үлкен үміт күтемін.
Нұрсұлтан-бүгінде самбо мен дзюдо күресінен «спорт шеберіне үміткер» атанып, күрестің екі түрінен де облыс чемпионы және жасөспірімдер арасындағы республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы атағын иеленді,-дейді жеңімпаз балуанның жаттықтырушысы Жомарт Қобыланов.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему