Сот қызметі халыққа қолжетімді
7 Октября 2017 (09:35) | 2346 | Автор: Редакция
Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей шаруамыздың оңайлықпен бітпейтіні бәрімізге таныс жағдай. Ол жерге арнайы бару уақытымызды алса, ондағы ұзын-сонар кезекті елестетудің өзі қиын.Халық арасында үйде отырып, «Сот кабинеті» сервисін қолданайын десе, электрондық сандық қолтаңбаны рәсімдей алмағандарын айтып шағымданып жататындар да бар.
Сондықтан, мұндай жағдайларды ескерген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Ақпарат және коммуникация министрлігі бірлесе отырып, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап сот ғимараттарында азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігін қарастыратын пилоттық жобаны іске қосты.
Елбасымыз «Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобының қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарау хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот процесінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Сотқа жүгінген адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы және ұйымдастырылған кедергілерге тап болуға тиіс емес», - деген болатын.
Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану, соттың ашықтығы мен жариялылығы Жоғарғы Соттың әрқашан назарында.
Аталған пилоттық жоба соттар қызметіндегі ақпараттық технологиялардың қолдануын одан әрі дамуына бағытталып, электрондық сандық қолтаңбаны, автоматтандырылған электрондық анықтамаларды тапсыру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуді басты мақсат етеді.
Қызметті алу үшін соттағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» қызметкеріне жүгіну жеткілікті. Сондықтан, бұл компьютері мен ғаламторы жоқ азаматтарға электрондық сандық қолтаңбаны тікелей сотта алуға таптырмас мүмкіндік.
ЭСҚ алғаннан кейін өтініш беруші сот кеңсесі қызметкерінің көмегімен «Сот кабинеті» сервисі арқылы өз талап-арызын сотқа жіберу, талап-арыздың қозғалысы, қаралуы, сот актілерімен танысуды, шағымдануды өзінің жеке кабинетінде қадағалауға мүмкіндігі туады.
Аталған пилоттық жоба аясында Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласының №2 соты мен Жаңаөзен қалалық сотының ғимараттарында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңбаны беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бастап кетті.
Қорыта айтқанда,билiк пен халықтың қарым-қатынасында делдал-дардың болмауы Қазақстанның демократиялық қоғамы үшiн қалыпты жағдай.
Назгүл Самендирова,
Ақтау қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему