Облыс әкімі Ақтаудағы туризмді дамытудың Бас жоспарын дайындауды тапсырды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 23:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс әкімі Ақтаудағы туризмді дамытудың Бас жоспарын дайындауды тапсырды

14 Апреля 2017 (17:02) | 2356 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Маңғыстау облысындағы туризмді дамыту бойынша жиналыс өтті. Туризм саласына қатысты өзекті мәселелерді үкіметтік емес ұйымдардың, банк саласының өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары талқылады.

- Бүгінгі кездесуіміздің басты тақырыбы – Маңғыстау облысындағы туризмді қалай дамытамыз? Ақтау қаласынан бастайық. Елбасы жуырда ғана Ақтау қаласына келген жұмыс сапары барысында Ақтау қаласын дамытудың Бас жоспарын дайындауды, туристік саладағы нысандарды қай жаққа салатынымызды ойластыруды, олардың сыртқы көрінісі мен маңызын жасақтауды тапсырған болатын, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Аймақтағы туризм саласының дамуының ағымдағы жағдайы туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова баяндады.

- Маңғыстау облысының туристік әлеуеті жоғары, дегенмен, инвесторларды тартуға және туризмді әрі қарай дамыту үшін бірқатар шешімін таппай тұрған мәселелер бар. Бірінші кезекте, инженерлік коммуникация құрылысы, шалғайдағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен табиғи көрікті жерлерге баратын көлік жолдарына қатысты мәселелер, - деп хабарлады облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова.

Маңғыстау облысындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Жаңабай Сүйіндіков Ақтау қаласындағы яхта айлағының құрылысын таныстырып, облыс орталығының теңіз жағалауын абаттандыру туралы өз ойын айтты. Туризм саласы бойынша қызмет көрсететін «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының қызметі туралы ұйымның өңірлік филиалының директоры Берік Нұрғалиев баяндады. Содан кейін «Caspian Riviera» ЖШС директоры Раушан Хамитова аймақтағы туризмді дамыту бойынша өзінің ұсыныстарын айтты.

- Аймақтың көрікті жерлеріне муниципалдық жағажайлар салып, көлік жолымен көлік қоятын орын жасау қажет. Барлық жағдай қарастырылған тегін жағажай мен табиғаттың әдемілігі туристерді тартады, ал кәсіпкерлер сол жерден демалушыларға арнап қосымша қызметтерін көрсетсе болады. Сонымен бірге, туристерді теңіз арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға да болады. Бұл да қызық әрі табыс табудың мүмкіндігі. Тағы бір бағыты – медициналық туризм. Бізде минералды су менминералды балшық пайдаланылмайды. Оларды іске қоссақ, бір ғана мезгілге емес, жыл бойына арналған демалыс орны болар еді. Сондай-ақ, «Ақтау Опен фест» жастар фестивалінің аясында жоғалу қаупі алдында тұрған бекіре тұқымдас балықтарды сақтауға арналған экологиялық шараларды ұйымдастыруға болады, - деді Раушан Хамитова.

Диалогтық алаңдағы жұмыс аясында туризм саласын дамытудың проблемалары туралы «Достар» копаниялары тобының төрағасы Тимур Әбдікәрімов айтып, облыс әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында жиі кездесулер өткізіп тұрудың қажеттілігін атап өтті.

- Кәсіпкерлер үшін басты проблема – суда және құрғақта демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және демалушылардың мәдениеті. Мәселен, мен өзімнің жағажайымда орналасқан қонақтардың қауіпсіздігіне жауап беремін. Бізде құтқарушылар тобы мен қауіпсіздік қызметі бар. Соңғы уақыттары көбісі гидроцикл сатып алып, теңізге түсіп жүрген адамдардың қасында немесе мас күйінде пайдаланады. Судағы тәртіпті күшейту қажет. Сонымен бірге, тегін жағажайларға полиция бөлімшелері мен судан құтқару станциясын орналастыру керек, - дейді кәсіпкер.

Ал, кәсіпкер Ұлболсын Ахметова «Сая» демалыс орны жобасының ашылуын таныстырды.

«СКР-Снаб» ЖШС директоры Самат Мұсабаев Каспий теңіз жағалауындағы 5 жұлдызды емдік-диагностикалық және сауықтыру кешенінің құрылысы туралы айтып берді.

Кездесуді қорытындылай келе, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдегі белсенді кәсіпкерлердің, депутаттардың және жұртшылықтың қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырды.

- Жұртшылықтың, кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың, қала және аудан әкімдерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, Ақтау қаласындағы туризмді дамытудың Бас жоспарын жасап шығуымыз қажет. Оның дайындығына осы салада қызмет ететін жандардың барлығы қатысуы керек. Құжатта туристік нысандарды сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етудің мәселелері меншешілу жолдары көрсетілсін. Бұл жоспар біздің мамандардың және халықаралық сараптамадан міндетті түрде өтуі керек. Содан кейін ғана біз туризмді дамытатын боламыз. Дәл қазір мен бірыңғай жоспарды көріп отырған жоқпын. Ал, егерде біз басқа аймақтардан, елдерден туристерді шақырғымыз келсе, Қазақстанның теңіз астанасы деңгейіне сәйкес болуымыз қажет. Жұмыс тобын өзім басқарамын, кездесетін күндеріміздің кестесін жасау керек, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмовқа суға шомылу маусымына дейін тез арада қалалық жағажайларды биоәжетханалармен қамтамасыз етуін тапсырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему