Маңғыстау облысында қатаң шектеу шаралары енгізіледі
Курс валют в Актау
на 21/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Декабря, 22:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында қатаң шектеу шаралары енгізіледі

2 Августа 2020 (16:23) | 1842 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты.

 

 

ҚАУЛЫҒА СӘЙКЕС ТӨМЕНДЕГІ ҚАТАҢ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ:

Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілсін.


1) қалааралық автобус тасымалдарын тоқтату;
2) қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;
3) жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат етілсін;
4) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салу;
5) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу;
6) 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеу;
7) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беру.

 

МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  КӘСІПКЕРЛІК   СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ  БАСШЫЛАРЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТСІН:


1) сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды объектілерін қоспағанда, қызметіне тыйым салу;
2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салу;
3) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салу;
4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00 ден сағат 21:00 аралығында ғана рұқсат беру;   
5) ашық ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілеріне (жазғы алаңдарда)тыйым салынсын;
6) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне тыйым салу;
7) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салу;
8) азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салу;
9) жеткізу қызметін қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салу;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеулі Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;
11) халыққа қызмет көрсету орталықтары (оның ішінде арнайы ХҚКО) жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, кезекті алдын ала брондау аркылы (egov.kz сайты, телеграмБот EgovKzBot2.0, 1414 колл орталығы) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн форматта барынша қызмет көрсету;
12) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн режимде көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастыру;
13) үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі; күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
14) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу, химиялық тазалау және басқалар) қызметін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеу;
15) жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін;
16) аймақтау талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру;
17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат беру.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ (ҰЙЫМДАРДЫҢ, КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ), КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ, ӨЗГЕ ДЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ, СОНДАЙ-АҚ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТСІН:


1) кемінде 80% қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру;
2) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, аудандарға бөлу талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша қызметтер көрсету.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНА:


1) жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) адамдарды шақыруға және көп жинауға байланысты кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салу (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т.б.).


Осы қаулы 2020 жылғы 3 тамыз 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему