Маңғыстау оқушылары Францияда су мәселесін көтерді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау оқушылары Францияда су мәселесін көтерді

6 Февраля 2020 (15:15) | 1422 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 оқушысы қаңтардың 31-і мен ақпанның 1-і аралығында Лионда өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі халықаралық конференциясына қатысып қайтты. «Су: өзгерістерге құлшыныс» тақырыбында өткен жиынға Израиль, Ұлыбритания, Қазақстан мен Франциядан 350 жоғары сынып оқушылары және 50 студент қатысты.

 

 

Лионда сегізінші рет өткен шараны Лиондағы халықаралық мектеп пен Сколе халықаралық университеті студенттері ұйымдастырған. Көшбасшылардың басын қосқан жиынға Нұркамал Алихан, Құралай Санат, Айдана Бакитова Кәмшат Ақмұратова Мирланбек Шаншаров, Ақбота Алпамысова, Дана Есбергенова, Ақжібек Сағындыққызы, Хисами Томирис есімді оқушылар қатысып, су тақырыбындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған резолюцияларды қабылдады.

 

-БҰҰ 2015 жылы 17 тұрақты даму мақсатын айқындады. ILYMUN конференциясы осы жолы 6 - шы (су және санитария) және 14-ші (су өмірі) мақсаттарына тоқталды.

 

 Қазіргі таңда су мәселесі дүние жүзін алаңдатып отыр. Жер бетіндегі демографияның өсуі және жаһандық жылыну және су көздерінің құрғап қалуы бұл тақырыптың өзектілігін арттырып отыр.

 

 

Соның нәтижесінде жаңа типтегі халықаралық конфликтілер туындауда. Конференция барысында делегаттар өз елінің қызығушылықтарын ескере отырып, мәселенің шешімін табуы тиіс,- делінген конференцияның ресми мәлімдемесінде.

 

Ал ақтаулық оқушылар аталған жиынға тұңғыш рет қатысты.

 

-Конференция барысында біздер ғаламдық проблемаларды шешуге арналған резолюцияларды қабылдадық. Бұл менің тұлғалық дамуыма үлкен септігін тигізді деп ойлаймын.

 

 

 

Себебі, мен табиғат-анаға деген жауапкершілікті сезініп, командада жұмыс жасау қабілетімді арттырдым. Екіншіден, мен тұңғыш рет мультикультурализм түсінігімен бетпе-бет келдім.

 

Жиында ағылшын тілінде сөйлегенімізбен, грек, француз, ирлан тілдері де естіліп жатты, - дейді тұщы су ресурстарын қолдану және сақтау туралы баяндама оқыған Томирис Хисами.

 

Бұл ақжолтай жаңалықпен бөліскен Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде БҰҰ Моделі клубы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл клубта жоғары сынып оқушылары әлемдегі ең маңызды ұйым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының симулияциясын жасап, ғаламдық проблемаларды дипломатиялық тұрғыда шешу жолдарын іздейді.

 

 

Осылай білім ордасының ұжымы зияткерлік мектеп оқушыларына дипломатия, көшбасшылық, көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға күш салып отыр.

 

БҰҰ Моделі конференциясы енді 2020 жылдың 23-24 наурызында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылмақ».

 

Суреттер НЗМ баспасөз қызметінен алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему