Нәзік жанды кәсіпкерлерден көмек
24 Июля 2020 (17:40) | 2500 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына қарасты Іскер әйелдер кеңесі (ІӘК) бірнеше күн бойы індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне тәттілер жеткізуде.Олар Ақтаудағы 4 қонақ үйге жайғасқан дәрігерлерге тәтті тоқаштар мен бәліштер апарды. Бұған дейін барлық ауруханаларға жеткізілген еді. Дәрігерлердің үш мезгіл тамағы ұйымдастырылған, енді шәйін де тәтті ішіп, науқастарды емдеуге күш салатын болады.
Іскер әйелдер кеңесі мен Маңғыстау облысының кондитерлік бұйымдары дәрігерлер, мейірбикелер тұратын төрт қонақүйдің барлығына жеткізілді. Қазір пандемиямен күресу үшін мылтықсыз майданда жұмыс істеп жатқан барлық медицина қызметкерлері өз отбасыларынан оқшауланған.
Қонақүйлерде тұрып жатқан 300-ге жуық мамандарға торттар, бәліштер мен түрлі тәтті тоқаштар ұсынылуда. Медицина қызметкерлеріне тәтті өнімдерді ұйымдастыру және жеткізу мәселесін шешкен ІӘК мүшелері алдымен 98 медицина қызметкері орналасқан «Нұр-Плаза» қонақ үйіне келді. Сонан соң 65 адамға арналған «Арман», 22 маман тұратын «Көктем» және 72 адамға арналған «Анталия» қонақүйлеріне барды.
Диспансерлік орталықтың дәрігерлері мен медбикелері кешкі ас ішіп, тәтті тоқаштардан дәм татты.
«Нұр плаза» қонақ түйіне жайғасқан әскери дәрігер Земфира Мүслімова мұндай сый-құрметке аң-таң. «Біз басқа өңірлердегі әріптестерімізбен телефон арқылы байланысып тұрамыз. Қазір ғана тәтті тоқаштарды бейне камерамен түсіріп көрсеттім. Ешбір жерде мұншалықты ілтипат білдіргендер жоқ екен. Қуанып қалдық, бәліштердің иісі де дәмі де тәтті. Кәсіпкерлерге ризашылығымыз шексіз,- деді олар.
-Барлық өнімдер жаңадан піскен, өте сапалы және біздің медицина қызметкерлері үшін шын ықыласпен жасалған! Көпшілігі ауысымнан кейін тынығып, оянып, біздің көптеген қораптарымызды көргенде балалар сияқты қуанды. Әрине, барлығына ыстық тамақ беріледі: таңғы ас, түскі және кешкі ас берілуде.
Ал, тәттілер адамды әрдайым қуантады. Олар ешқашан көп болмайды. Маңғыстау облысының Іскер әйелдер кеңесі мен кондитерлер «Халыққа қөмек» қоғамдық штабының сұранысы бойынша «Дәрігерлерге арналған кондитер өнімдері» акциясын жалғастырды.
Бұл Ақтау қаласындағы ең жақсы кондитер-аспазшылардың мейірімді жүректері мен еңбекқорлығының арқасында жүзеге асты,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына қарасты ІӘК төрыйымы Сәуле Салихова.
Керемет кондитерлік өнімдер «Шағала» диспансері - 170 адам, «SilkWay» қонақ үйі – 56, жұқпалы аурулар ауруханасы – 35, «Анталия» қонақ үйі - 72 адам, облыстық аурухана - 21 медицина қызметкері кешкішәйін тәтті қып ішетін болды. Жалпы, кондитерлер бұл күні 354 медицина қызметкеріне дәм жеткізді.
-Медицина қызметкерлеріне денсаулық тілейміз! Олар қазір ауырмайды. Олар пандемиямен күрестің бірінші сапында тұр. Сондықтан да медицина қызметкерлеріне арналған тәтті шара жалғасын табады,-делінген Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.
Сурет баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему